Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 767 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында:
көрсетілген Бағдарламаға 3-қосымшада:
"Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі" деген бөлімнің "1. Мемлекеттік қолдау шаралары" деген кіші бөліміндегі тұрғын үй құрылысының бағыттары мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы белгіленген мемлекеттік нормативтерге сәйкес келетін жобалар бойынша бірінші қабаттарында әлеуметтік мақсаттағы объектілерді (балабақшаларды, балалардың шағын-орталықтарын, емханаларды және басқаларды) орналастыра отырып, тұрғын үйлер салуға жол беріледі.";
"2. Тұрғын үйді өткізу тетігі" деген бөлімнің "3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары" деген кіші бөлімінде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар қағаз жеткізгіште немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданады, ауылдық елді мекендерде, кенттерде - қағаз жеткізгіште ауылдық округтердің (ауылдардың, кенттердің) әкімдері қабылдайды. 2015 жылғы 1 қазаннан бастап аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ғана қабылданады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |