"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 258 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларында, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:
      5679-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бастамашы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында өткізу пункттерін орнату жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстарын, келісілген материалдары мен қорытындыларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жібереді.
      6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.
      7. Өткізу пунктін ашу туралы шектес мемлекетпен келісім жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өткізу пунктінің атауы мен мәртебесін көрсете отырып, оны орнату туралы мүдделі мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіппен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.»;
      «9. Қазақстан Республикасының Үкіметі өткізу пунктін орнату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мемлекеттік бақылау органдарының ұсыныстары негізінде тапсырыс берушінің функциясын орындайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу пунктін жобалауды, салуды және пайдалануға енгізуді қамтамасыз етеді.»;
      41-тармақтың 3), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік кіріс органдары бөлімшесінің қызметтік үй-жайлары;
      5) санитариялық-карантиндік пунктті (бұдан әрі - СКП), шекаралық бақылау ветеринариялық пунктін (бұдан әрі - ШБВП) және фитосанитариялық бақылау бекетін (бұдан әрі - ФББ) орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар;
      6) СПК, ШБВП, ФББ арнайы үй-жайлары және көліктік бақылау бекеті;
      7) СПК, ШБВП, ФББ зертханалары мен оқшаулағыштары;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов