Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының параметрлерін (коэффициенттерін), олардың шекті мәндерін айқындау және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 250 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 603 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығының мынадай параметрлері (коэффициенттері) айқындалсын:

      1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

      2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;

      3) борыштық жүктеме деңгейі.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      3. "Қазақстан Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) мынандай шекті мәндері айқындалсын:

      1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,08;

      2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті кемінде 0,10;

      3) борыштық жүктеме деңгейі 7:1 аспайтын мөлшерде.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 633 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 250 қаулысымен
бекітілген

Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесі
1. Негізгі ережелер

      1. Осы Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің (коэффициенттерінің) шекті мәндерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстанның Даму Банкінің (бұдан әрі – банк) бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің шекті мәндерін, сондай-ақ борыштық жүктемесінің деңгейін есептеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін есептеу

      2. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттеріне:

      1) бірінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (бұдан әрі – КЖК 1);

      2) екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (бұдан әрі – КЖК 2) жатады.

      3. Капиталдың жеткіліктілік коэффициентін есептеу үшін мыналар пайдаланылады:

      1) бірінші деңгейдегі меншікті капитал (бұдан әрі – 1-деңгейдегі капитал);

      2) екінші деңгейдегі меншікті капитал (бұдан әрі – 2-деңгейдегі капитал);

      3) тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер.

      4. 1-деңгейдегі капитал:

      1) сатып алынған меншікті акциялар алып тасталып төленген жарғылық капитал;

      2) қосымша капитал;

      3) өткен жылдардағы үлестірілмеген таза табыс (оның ішінде өткен жылдардағы таза табыстың есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);

      4) резервтік капитал;

      5) көзделмеген шығындарды өтейтін резервтер сомалары ретінде есептеледі, олардан:

      6) материалдық емес активтер;

      7) өткен жылдардағы шығындар;

      8) ағымдағы жылғы шығындар алып тасталады.

      5. 2-деңгейдегі капитал:

      1) ағымдағы жылғы үлестірілмеген таза табыс мөлшерінің;

      2) негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау резервінің;

      3) гибридтік құралдардың (капитал мен борыш сипаттамалары бар құралдардың);

      4) 1-деңгейдегі капитал сомасының елу пайызынан аспайтын сомада 5 жылдан астам мерзімге банктің реттелген борышының сомалары ретінде есептеледі,

      олардан:

      5) банктің сатып алынған меншікті реттелген борышы алып тасталады.

      6) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 633 қаулысымен.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 633 қаулысымен.

      6. Банктің реттелген борышы – мына шарттарға сәйкес келетін банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:

      1) ұсынушының салымы не міндеттемесі болып табылмайды;

      2) банктің немесе онымен үлестес тұлғалардың талаптары бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылмайды;

      3) банкті тарату кезінде "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 74-2-бабында белгіленген кезектілікке сәйкес банк мерзімсіз қаржы құралдары бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін қанағаттандырылады;

      4) банк өтеуі (толық немесе ішінара) мүмкін, оның ішінде мұндай өтеу банктің уәкілетті органының қорытындысына сәйкес банктің кейіннен осы әдістемеде айқындалатын капиталдың жеткіліктілік коэффициентін сақтамауына әкелмеуі тиістілігі шартымен мерзімінен бұрын банк бастамасымен ғана өтелуі мүмкін.

      Банктің меншікті капиталына кіретін реттелген борышы – бұл тарту мерзімі борышты өтеу басталғанға дейін бес жылдан артық реттелген борыш.

      Банктің реттелген борышы банктің меншікті капиталын есептеуге:

      борышты өтеу басталғанға дейін қалған бес жыл ішінде – борыштың толық сомасында,

      борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жылдың iшiнде:

      1-шi жыл – реттелген борыш сомасының 100 пайызы;

      2-шi жыл – реттелген борыш сомасының 80 пайызы;

      3-шi жыл – реттелген борыш сомасының 60 пайызы;

      4-шi жыл – реттелген борыш сомасының 40 пайызы;

      5-шi жыл – реттелген борыш сомасының 20 пайызы кіреді.

      Егер шартта мұндай өтеудің банктің қаржылық жағдайының нашарлауына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзуға әкелмеуге тиістілігі шартымен қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) мүмкіндігі көзделсе, 3) тармақшаны қоспағанда осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін, Еуропа Қайта Құру Даму Банкінен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық қаржы корпорациясынан тартылған қарыз да банктің реттелген борышы болып танылады.

      Егер шартта қарыз алушының не акционердің бастамасы бойынша қарызды мерзімінен бұрын (толық немесе ішінара) өтеу мүмкіндігі, онда мұндай жабу Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына және/немесе банктің осы әдістемеде айқындалатын капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін сақтамауына әкеп соқтырмауға тиіс екендігі көзделген жағдайда, банктің акционерінен тартылған, 4) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін қарыз да банктің реттелген борышы болып танылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.10.2016 № 633 қаулысымен.

      7. Гибридтік құралдарға (капитал мен борыш сипаттамалары бар құралдар) мынадай сипаттамалары бар құралдар жатады:

      1) құрал қамтамасыз етілмеген, реттелген және толық төленген болып табылады;

      2) ұстаушының бастамасымен және/немесе реттеуші органның келісімінсіз өтеуге жатпайды;

      3) банк тарапынан сауданы міндетті тоқтата тұрусыз шығындарды өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін (дәстүрлі реттелген борыштарға қарағанда);

      4) сыйақы төлеу міндеттемелеріне қарамастан, егер банктің табыстылығы бұған мүмкіндік бермеген жағдайда, төлемдер жүргізілмеуі мүмкін.

      8. 2-деңгейдегі капитал 1-деңгейдегі капиталдың 100%-ынан аспауға тиіс.

      9. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мынадай формуламен есептеледі:

      КЖК 1= 1 деңгейдегі капитал =

      тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер

      КЖК 2 = 1 деңгейдегі капитал + 2 деңгейдегі капитал

      тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер

      10. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтерді есептеу осы әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған банк активтерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі.

      11. Кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылатын шартты және ықтимал міндеттемелер осы әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған банктің шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер сомасын банк кредиттік тәуекелдерге ұшырайтын (осы әдістемеге 1-қосымша) көрсетілген контрагент санатына сәйкес тәуекел дәрежесіне бөліндісі ретінде айқындалады.

      12. КЖК 1 және КЖК 2 коэффициенттерін есептеу мақсаттары үшін активтер мен КЖК 1 мен КЖК 2 коэффициенттерін есептеуге қабылданатын тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер алып тасталып енгізіледі.

      13. Осы әдістеменің мақсаттары үшін Standard&Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағалауынан басқа Moody's Investors Service және Fitch (бұдан әрі – рейтингтік агенттіктер) агенттіктерінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағалауы да танылады.

      14. Нарықтық тәуекелдерді өтеу үшін капиталға қойылатын талаптар банктің валюталық және пайыздық тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарына сәйкес есептелген айлық валюталық және айлық пайыздық тәуекелдер сомасы ретінде айқындалады.

      15. Операциялық тәуекелді өтеуге арналған капиталға қойылатын талап банктің операциялық тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

      16. Тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасына нарықтық және операциялық тәуекелдерді өтеуге арналған, 8,3-ке көбейтілген капиталға қойылатын талаптар қосылады.

3. Борыштық жүктеме деңгейін есептеу

      17. Борыштық жүктеме деңгейі мына формуламен есептеледі:

      Борыштық жүктеме деңгейі = банктің жиынтық борышы (міндеттемесі)

      банктің меншікті капиталы

      Жиынтық табыс дегеніміз – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын шоғырландырылған негіздегі міндеттемелердің жалпы сомасы.

      Меншікті капитал дегеніміз – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес айқындалатын шоғырландырылған негіздегі банк капиталының мөлшері.

4. Қорытынды ережелер

      18. Бірінші және екінші деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің шекті мәндерін, сондай-ақ борыштық жүктеме деңгейін есептеу үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік пайдаланылады.

      19. Банк акционері қаржылық тұрақтылық параметрлерін (коэффициенттерін) қолдау аясында банк қызметін бақылау тетіктері қамтылған ішкі актілерді бекітеді. Банктің Директорлар кеңесі банк тәуекелдерін корпоративтік басқару жүйесін ішкі бақылауды қалыптастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  Қазақстанның Даму Банкі
қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің
(коэффициенттерінің) шекті мәндерін
есептеу әдістемесіне
1-қосымша

Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған банк активтерінің кестесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

Р/с

Баптардың атауы

Тәуекел дәрежесі %

1

2

3

I топ

1

Қолма-қол теңге

0

2

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің қолма-қол шетелдік валютасы

0

3

Тазартылған бағалы металдар

0

4

Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген қарыздар

0

5

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

0

6

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілген қарыздар

0

7

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

0

8

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

0

9

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

0

10

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

11

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

0

12

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

0

13

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша дебиторлық берешегі

0

14

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

15

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Проблемалық кредиттер қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдары шығарған бағалы қағаздар

0

16

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

17

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

18

Тәуекелдің І тобына жатқызылған активтер бойынша есептелген сыйақы

0

II топ

19

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің қолма-қол шетелдік валютасы

20

20

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

20

21

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

20

22

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

20

23

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

20

24

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

20

25

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдарға берілген қарыздар

20

26

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

27

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

28

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардағы салымдар

20

29

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының тәуекелдің І тобына жатқызылған дебиторлық берешегінен басқа дебиторлық берешегі

20

30

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

20

31

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

32

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

33

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

34

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

35

Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

36

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

20

37

Тәуекелдің ІІ тобына жатқызылған активтер бойынша есептелген сыйақы

20

III топ

38

Тазартылмаған бағалы металдар

50

39

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

50

40

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

50

41

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

50

42

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

50

43

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдарға берілген қарыздар

50

44

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

45

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

46

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдардағы салымдар

50

47

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымның дебиторлық берешегі

50

48

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

49

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

50

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

51

Standard&Poor's агенттігінің "А+"-дан "А-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

52

Тәуекелдің ІІІ тобына жатқызылған активтер бойынша есептелген сыйақы

50

IV топ

53

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ+"-дан "В-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

100

54

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ+"-дан "В-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

100

55

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ+"-дан "В-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

100

56

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

100

57

Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент ұйымдарға және Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдарға берілген қарыздар

100

58

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ+"-дан "В-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

59

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ+"-дан "В-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

60

Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент ұйымдардағы және Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардағы салымдар

100

61

Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдардың, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент ұйымдардың және Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегі

100

62

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

63

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

64

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

65

Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

66

Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент ұйымдар, тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент ұйымдар және Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ+"-дан "ВВ-"-ға дейінгі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

100

67

"Стрестік активтер қоры" акционерлік қоғамының арнайы қаржылық компаниясы шығарған бағалы қағаздар

100

68

IV тәуекел тобына жатқызылған активтер бойынша есептелген сыйақы

100

69

Төлемдер бойынша есептеу

100

70

Негізгі қаражат

100

71

Материалдық қорлар

100

72

Сыйақы мен шығындар сомасының алдын ала төлемі

100

V топ

73

Банк инвестицияларын қоспағанда, заңды тұлғалардың реттелген борыштарына салымдар мен акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір бөлігінде ескерілген әділ құны бойынша инвестициялар

100

74

Банктің негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету

100

75

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтеріне берілген қарыздар

150

76

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріне берілген қарыздар

150

77

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар

150

78

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдарына берілген қарыздар

150

79

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент емес ұйымдарға берілген қарыздар

150

80

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне берілген қарыздар:

150

1) Андорра Князьдігі;

2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;

3) Багам аралдары достастығы;

4) Барбадос Мемлекеті;

5) Бахрейн Мемлекеті;

6) Белиз Мемлекеті;

7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;

8) Вануату Республикасы;

9) Гватемала Республикасы;

10) Гренада Мемлекеті;

11) Джибути Республикасы;

12) Доминикан Республикасы;

13) Индонезия Республикасы;

14) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

15) Кипр Республикасы;

16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандары аумақтарының бөлігінде ғана);

17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;

18) Коста-Рика Республикасы;

19) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана);

20) Либерия Республикасы;

21) Лихтенштейн Князьдігі;

22) Маврикий Республикасы;

23) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

24) Мальдив Республикасы;

25) Мальта Республикасы;

26) Маршалл аралдары Республикасы;

27) Монако Князьдігі;

28) Мьянма Одағы;

29) Науру Республикасы;

30) Нидерланды (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының бөлігінде ғана);

31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

32) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

33) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағының бөлігінде ғана);

34) Палау Республикасы;

35) Панама Республикасы;

36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

37) Сейшел аралдары Республикасы;

38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;

39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

40) Сент-Люсия Мемлекеті;

41) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтардың бөлігінде ғана):

Ангилья аралдары;

Бермуд аралдары;

Британ Виргин аралдары;

Гибралтар;

Кайман аралдары;

Монтсеррат аралы;

Теркс және Кайкос аралы;

Мэн аралы;

Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

43) Тонга Корольдігі;

44) Филиппин Республикасы;

45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

81

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

82

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

83

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент емес ұйымдардағы салымдар

150

84

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарындағы салымдар:

150

1) Андорра Князьдігі;

2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;

3) Багам аралдары достастығы;

4) Барбадос Мемлекеті;

5) Бахрейн Мемлекеті;

6) Белиз Мемлекеті;

7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;

8) Вануату Республикасы;

9) Гватемала Республикасы;

10) Гренада Мемлекеті;

11) Джибути Республикасы;

12) Доминикан Республикасы;

13) Индонезия Республикасы;

14) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

15) Кипр Республикасы;

16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандары аумақтарының бөлігінде ғана);

17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;

18) Коста-Рика Республикасы;

19) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана);

20) Либерия Республикасы;

21) Лихтенштейн Князьдігі;

22) Маврикий Республикасы;

23) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

24) Мальдив Республикасы;

25) Мальта Республикасы;

26) Маршалл аралдары Республикасы;

27) Монако Князьдігі;

28) Мьянма Одағы;

29) Науру Республикасы;

30) Нидерланды (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының бөлігінде ғана);

31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

32) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

33) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағының бөлігінде ғана);

34) Палау Республикасы;

35) Панама Республикасы;

36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

37) Сейшел аралдары Республикасы;

38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;

39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

40) Сент-Люсия Мемлекеті;

41) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтардың бөлігінде ғана):

Ангилья аралдары;

Бермуд аралдары;

Британ Виргин аралдары;

Гибралтар;

Кайман аралдары;

Монтсеррат аралы;

Теркс және Кайкос аралы;

Мэн аралы;

Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

43) Тонга Корольдігі;

44) Филиппин Республикасы;

45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

85

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағалауы жоқ резидент емес ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

86

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының дебиторлық берешегі:

150

1) Андорра Князьдігі;

2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;

3) Багам аралдары достастығы;

4) Барбадос Мемлекеті;

5) Бахрейн Мемлекеті;

6) Белиз Мемлекеті;

7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;

8) Вануату Республикасы;

9) Гватемала Республикасы;

10) Гренада Мемлекеті;

11) Джибути Республикасы;

12) Доминикан Республикасы;

13) Индонезия Республикасы;

14) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

15) Кипр Республикасы;

16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандары аумақтарының бөлігінде ғана);

17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;

18) Коста-Рика Республикасы;

19) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана);

20) Либерия Республикасы;

21) Лихтенштейн Князьдігі;

22) Маврикий Республикасы;

23) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

24) Мальдив Республикасы;

25) Мальта Республикасы;

26) Маршалл аралдары Республикасы;

27) Монако Князьдігі;

28) Мьянма Одағы;

29) Науру Республикасы;

30) Нидерланды (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының бөлігінде ғана);

31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

32) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

33) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағының бөлігінде ғана);

34) Палау Республикасы;

35) Панама Республикасы;

36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

37) Сейшел аралдары Республикасы;

38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;

39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

40) Сент-Люсия Мемлекеті;

41) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтардың бөлігінде ғана):

Ангилья аралдары;

Бермуд аралдары;

Британ Виргин аралдары;

Гибралтар;

Кайман аралдары;

Монтсеррат аралы;

Теркс және Кайкос аралы;

Мэн аралы;

Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

43) Тонга Корольдігі;

44) Филиппин Республикасы;

45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

87

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

88

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

89

Standard&Poor's агенттігінің "В-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

90

Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-"-дан төмен борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар резидент емес ұйымдар және тиісті бағалауы жоқ резидент емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

150

91

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:

150

1) Андорра Князьдігі;

2) Антигуа және Барбуда Мемлекеті;

3) Багам аралдары достастығы;

4) Барбадос Мемлекеті;

5) Бахрейн Мемлекеті;

6) Белиз Мемлекеті;

7) Бруней Даруссалам Мемлекеті;

8) Вануату Республикасы;

9) Гватемала Республикасы;

10) Гренада Мемлекеті;

11) Джибути Республикасы;

12) Доминикан Республикасы;

13) Индонезия Республикасы;

14) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

15) Кипр Республикасы;

16) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандары аумақтарының бөлігінде ғана);

17) Комор аралдары Федералды Ислам Республикасы;

18) Коста-Рика Республикасы;

19) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігіндеғана);

20) Либерия Республикасы;

21) Лихтенштейн Князьдігі;

22) Маврикий Республикасы;

23) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

24) Мальдив Республикасы;

25) Мальта Республикасы;

26) Маршалл аралдары Республикасы;

27) Монако Князьдігі;

28) Мьянма Одағы;

29) Науру Республикасы;

30) Нидерланды (Аруба аралы аумағының және Антиль аралдарының тәуелді аумақтарының бөлігінде ғана);

31) Нигерия Федеративтік Республикасы;

32) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

33) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағының бөлігінде ғана);

34) Палау Республикасы;

35) Панама Республикасы;

36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

37) Сейшел аралдары Республикасы;

38) Сент-Винсент және Гренадины Мемлекеті;

39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

40) Сент-Люсия Мемлекеті;

41) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтардың бөлігінде ғана):

Ангилья аралдары;

Бермуд аралдары;

Британ Виргин аралдары;

Гибралтар;

Кайман аралдары;

Монтсеррат аралы;

Теркс және Кайкос аралы;

Мэн аралы;

Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);

42) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргинаралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

43) Тонга Корольдігі;

44) Филиппин Республикасы;

45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы

92

Тәуекелдің V тобына жатқызылған активтер бойынша есептелген сыйақы

150

  Қазақстанның Даму Банкі
қаржылық тұрақтылығы параметрлерінің
(коэффициенттерінің) шекті мәндерін
есептеу әдістемесіне
2-қосымша

Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша топтастырылған шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі

Р/с

Баптардың атауы

Конверсия коэффициенті %-бен

1

2

3

I топ

1

Банк кепілдері мен кепілдіктері, олар бойынша міндеттемелер:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдерімен (кепілдіктерімен); банк иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard&Poor's агенттігінің "АА-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген

0

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы, Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктері шығарған бағалы қағаздарды, өзге де жоғары өтімді бағалы қағаздарды сатып алу не сату бойынша шартты (ықтимал) міндеттемелер

0

3

Банк аккредитивтері: банктің қаржылық міндеттемелерінсіз; олар бойынша міндеттемелер: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard&Poor's агенттігінің "АА-"деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдерімен (кепілдіктерімен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; банк иелігіне берілген ақшамен немесе тазартылған бағалы металдармен қамтамасыз етілген

0

4

Болашақта банктің талабы бойынша кез келген кезде жойылуға жататын банктің қарыздар мен салымдарды орналастыру бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелері

0

5

Банк болашақта алатын қарыздар мен салымдар бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелер

0

6

Еншілес компаниялар арқылы сыртқы қарыздарды тарту және банктің борыштық міндеттемелерін орналастыру кезінде банктің олардың пайдасына берілген банк кепілдері мен кепілдіктері

0

7

Берілген қарызды қамтамасыз ету үшін банк қабылдаған кепілдер

0

II топ

8

Банктің болашақта өтеу мерзімі 1 жылдан аз қарыздар мен салымдарды орналастыру жөніндегі ықтимал (шартты) міндеттемелері

20

9

Банк кепілдері мен кепілдіктері, олар бойынша міндеттемелер: Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген

20

10

Банк аккредитивтері, олар бойынша міндеттемелер: Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген

20

III топ

11

Банктің болашақта өтеу мерзімі 1 жылдан астам қарыздар мен салымдарды орналастыру бойынша ықтимал (шартты) міндеттемелері

50

12

Банк кепілдері мен кепілдіктері, олар бойынша міндеттемелер: Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан "А-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан"АА-"-ға дейінгі деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың кепілдерімен (кепілдіктерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан "А-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттігінің "АА-"деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген

50

13

Банк аккредитивтері, олар бойынша міндеттемелер: Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан "А-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің қарсы кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің кепілдерімен (кепілдіктерімен); Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың кепілдерімен (кепілдіктерімен) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистерімен; Standard&Poor's агенттігінің "ВВВ-"-дан "А-"-ға дейінгі деңгейдегі тәуелсіз рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері мен орталық банктерінің бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттігінің "А-"-дан "АА-"-ға дейінгі деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар банктердің бағалы қағаздарымен; Standard&Poor's агенттігінің "АА-" деңгейіндегі және одан жоғары деңгейдегі борыштық рейтингісі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингісі бар заңды тұлғалардың бағалы қағаздарымен толық қамтамасыз етілген

50

IV топ

14

Банкке сату туралы және банктің қаржы құралдарын кері сатып алу міндеттемесімен келісім

100

15

Банктің өзге де кепілдері (кепілдіктері)

100

16

Банктің өзге де аккредитивтері

100

17

Банктің өзге де шартты (ықтимал) міндеттемелері

100