Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 236 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық қан орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге енгізсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683; 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

       5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов