Стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 217 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ПетроКазахстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кредит желісі бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге Шымкент мұнай өңдеу зауытының мүліктік кешеніне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«

Мұнай өңдеу өндірістері

1.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының мүліктік кешені

                                                                 ».
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов