Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы N 665 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.10.15 N 28-128 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 2-10-265 өтініш хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлеріндегі, жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін елді мекендер, өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен шұғылдануына берілген автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2009 жылға 50 пайызға жоғарылатылсын.
       2. 2009 жылға ауылшаруашылық мақсатындағы елді мекендер, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылық емес мақсатындағы заңды, жеке тұлғалардың өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығының, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора - қопсы салынған жерді қоса алғанда, ауыл округтерінің жерлеріне жататын және Үштөбе қаласының аймақтық әкімшілік жерлерінен басқа ауылдарының автотұрақтар, автомобильге май құю станцияларына бөлінген жерлерден басқа жерге, салықтың базалық ставкаларының мөлшері 40 пайызға жоғарылатылсын.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Р. Ахмедченов

      Мәслихат хатшысының
      міндетін уақытша атқарушы:                 С. Дәркенбаева