Инвесторлар үшін "бір терезе" қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 70 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1133 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2015 жылғы 18 ақпандағы
№ 70 қаулысымен   
бекітілген     

Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұсынатын көрсетілетін қызметті берушілер арқылы инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлар үшін «бір терезе» қызметінің тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвестор немесе оның заңды өкілі (бұдан әрі – инвестор) болып табылады:
      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар алуға өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан кейін жүзеге асырылады;
      2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырады;
      3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) инвестициялық басым жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшеріндегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
      2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
      3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
      4) инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаны қолдау (бұдан әрі – инвестициялық жобаны қолдау) – инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталған инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешені;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
      6) интернет-ресурс – уәкілетті орган айқындайтын, инвестициялық жобаны іске асыратын инвесторға мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдерінің мониторингіне арналған интернет-ресурс;
      7) инвестордың өтініші – уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген, инвестор уәкілетті органға беретін өтініш нысаны;
      8) өтінім – инвестордың өтінішіне қоса берілетін, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген өтініш нысаны.

2. Инвесторларды қабылдау және оларға консультация беруді жүзеге асыру

      4. Уәкілетті орган инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауға және оның нәтижелерін беруге арналған, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығының (бұдан әрі – ХҚО) өкілдігін орналастыру үшін арнайы белгіленген орынды (бұдан әрі – арнайы белгіленген орын) ұйымдастырады.
      5. Инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша қабылдау және консультация беру үшін уәкілетті органға жүгінеді.
      6. Уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша инвесторларға консультация беруді жүзеге асырады.
      7. Уәкілетті орган өз құзыреті шеңберінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының мамандарын, жеке және заңды тұлғаларының қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тартуға құқылы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушілер инвесторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінімін дайындау және ресімдеу үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз етеді.
      9. Көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті органның өтініші бойынша мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы электронды немесе жазбаша нысанда дереу түсіндірме беруді қамтамасыз етеді.
      10. Мәселе күрделі және оны қосымша пысықтау қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушілер бір күн мерзімде қағаз және (немесе) электронды нысанда осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес бірлескен бұйрықта көрсетілген электрондық мекенжай бойынша жауап береді.
      11. Уәкілетті органның сұрау салуы (жазбаша немесе электронды нысанда) бойынша көрсетілетін қызметті берушілер бір күн мерзімде уәкілетті орган айқындаған арнайы белгіленген орында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мәселелері бойынша инвесторға консультация беру үшін мамандардың қатысуын қамтамасыз етеді.
      12. Көрсетілетін қызметті берушілер уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті органның қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқыту және (немесе) семинарлар ұйымдастырады және өткізеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және
олардың нәтижелерін инвесторларға беру

      13. Уәкілетті органға жүгінген инвесторлар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге инвестордың өтінішін, өтінімдерді (бұдан әрі – инвесторлардың құжаттары) ұсынады.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әр түрі бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген.
      15. Уәкілетті орган тиісті түрде толтырылған және уәкілетті органға ұсынылған инвесторлардың құжаттарын мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
      16. Уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімде инвесторларға мемлекеттік көрсетілген қызметтердің нәтижесін береді.
      17. Көрсетілетін қызметті берушілердің инвестордың құжаттарын алған уақыты мен уәкілетті органның инвестордың қаралған құжаттарының нәтижелерін алған уақыты мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      18. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде заңнамадағы өзгерістер туралы уәкілетті органға үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      19. Уәкілетті органға келіп түскен ақпарат құпия болып табылады.
      20. Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті орган мен мемлекеттік органдардың арасындағы өзара іс-қимыл

      21. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны мемлекеттік органдарда қолдауы үшін жауапты адамдарды айқындайды.
      22. Көрсетілетін қызметті берушілер уәкілетті органға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдарды, құжаттарды және өзге де ақпаратты беруді, оның ішінде Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру арқылы беруді қамтамасыз етеді.
      23. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген мерзімде уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін жібереді.
      24. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілер алдында инвестициялық жобаны іске асыратын инвесторлардың құжаттарын қарау туралы өтінішхат беруге және инвесторлардың құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге енгізуге құқылы.
      25. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері интернет-ресурста кестеге сәйкес өтінімнің қаралу сатыларының ақпаратын көрсетеді.

Р/с №

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бірінші хабарлама (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мерзіміне дейін)

Екінші хабарлама (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мерзіміне дейін)

Үшінші хабарлама (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мерзіміне дейін)

1.

10 күнге дейін

5 күн ішінде

----

----

2.

20 күнге дейін

10 күн ішінде

5 күн ішінде

----

3.

30 күнге дейін

15 күн ішінде

10 күн ішінде

5 күн ішінде

4.

30 күннен жоғары

20 күн ішінде

15 күн ішінде

5 күн ішінде

      26. Көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкері белгіленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      27. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамымен және (немесе) қызметкерімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір күн мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты адамын және (немесе) қызметкерін белгілейді және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

5. Уәкілетті органның инвестициялық жобаны мемлекеттік
органдарда қолдауы және инвесторлар үшін мемлекеттік қызмет
көрсету процесінің мониторингі

      28. Уәкілетті орган инвесторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін инвесторлардың құжаттарын тапсырған кезінен бастап және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер деректерінің берілуіне дейін инвесторларға мемлекеттік қызметтердің уақтылы және толық көрсетілуі мәселелері бойынша қолдауды жүзеге асырады.
      29. Уәкілетті орган инвестордың құжаттарын арнайы белгіленген орында қабылдайды.
      30. Уәкілетті орган инвесторлардың мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттарын мемлекеттік қызметті көрсететін ХҚО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
      31. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші берген ақпаратқа талдауды жүзеге асырады.
      32. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда, уәкілетті орган дереу электронды және (немесе) жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушіге осы бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
      33. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қаралу сатылары туралы ақпарат инвестициялық жобаны іске асыратын инвестор үшін интернет-ресурста онлайн режимде қолжетімді болады.
      34. Уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне мониторингті жүзеге асыру үшін интернет-ресурстың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
      35. Уәкілетті орган инвесторларға инвестициялық жобалардың интернет-ресурсына рұқсат береді.
      36. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне инвестициялық жобалардың интернет-ресурсына рұқсат береді.
      37. Инвесторлардың өтінімдері интернет-ресурста тіркеледі.
      38. Инвесторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті берушілерге жіберілген құжаттары бойынша мәліметтер интернет-ресурсқа енгізіледі.