Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1449 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен Комитеттердің аумақтық органдарының басшылары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 155 бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9336 тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 сәуірде жарияланған).
      2. Қадр қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Б. Сұлтанов