"Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1377 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға арналған квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына шаққанда 0,7 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов