Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 224 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014 жылға арналған қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің аударылуын қамтамасыз етсін.
      3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 224 қаулысына   
қосымша         

Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық
және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру үшін 2014
жылға қаражат бөлу

      Ескерту. Қаражат бөлуге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.06.2014 № 654 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс), 24.12.2014 № 1377 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Іс-шаралар атауы

Жауапты мемлекеттік органдар

Сома, мың теңге

1

2

3

4

5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту

1

Кәсіптік аурулар бойынша қауіп топтарын ерте анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу

ДСӘДМ

8 931

5.1.1-мақсат. Қауіптің мінез-құлық факторларының профилактикасының және бақылауды күшейтудің кешендік тәсілі арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру

1

Темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың профилактикасы мен оларды емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу мен басып шығару және көрнекті қоғам қайраткерлерін тарта отырып, телерадиохабарларын тарату арналарында науқандар мен жобалар өткізу

МСМ

61 264

2

Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау

МСМ

6 000

3

Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайынғы салалық спартакиадаларды ұйымдастыру және өткізу

МСМ

53 500

4

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2014 № 1377 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы және ана мен нәресте өлімін төмендету

1

Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық науқанын жүргізу

ДСӘДМ

8 956

2

Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру

ДСӘДМ

119 397

3

Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында қалалық және ауылдық жерлердегі жалпы білім беру мектептерінде оқушылардың тамақтану жай-күйін бағалау

ҰЭМ

18 574

4

Бұрмаланған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін бақылау және оның қауіпсіздігі бойынша мониторинг, әдістемелік қамтамасыз ету және ұсынымдар әзірлеу

ҰЭМ

29 706

5

Әртүрлі жастағы балалардың тамақтануын жақсарту мақсатында темір, цинк және фолий қышқылы тапшылығын профилактикалау тұрғысынан халықтың нысаналы топтарына арналған дәрумендік-минералды кешенмен фортификацияланған жоғары және бірінші сортты бидай ұнының тиімділігін бағалау

ҰЭМ

46 023

6

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.12.2014 № 1377 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7

Тамақ өнімдерінің өндірушілері үшін дұрыс тамақтанудың әртүрлі аспектілері бойынша өңірлік оқыту семинарларын тұрақты негізде өткізу, оқыту материалдарының кешенін әзірлеу

ДСӘДМ

12 544

8

Фортификациялау және йодтау мәселелеріне арналған тақырыптық телевизиялық бағдарламалар әзірлеу және көрсету

ДСӘДМ

16 240

9

Халық арасында А дәруменінің сапплементациясы бойынша ақпараттық-насихаттық науқан жүргізу

ДСӘДМ

13 362

10

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде, перзентханаларда (бөлімшелерде) және балалар стационарларында балаларға және аналарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу

ДСӘДМ

16 128

11

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына (балалары бар отбасыларына) МСАК деңгейінде антенаталдық қызметтерге және педиатриялық көмекке қолжетімділік жақсарту және қамтуды ұсыныстар әзірлеу

ДСӘДМ

12 697

12

Емшек сүтімен қоректендіру қағидаттарын қолдау және жылжыту бойынша ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу

ДСӘДМ

115 920

5.1.3-мақсат. Жол-көлік жарақатын және одан болатын өлімді төмендету

1

Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу

ІІМ

1 750

2

Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер жасау және олардың орталық, республикалық телеарналарда прокатын қамтамасыз ету

ІІМ

21 875

3

Республикалық телеарнада жол жүрісі қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу

ІІМ

12 523

4

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару

ІІМ

7 109

5.1.4-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасында қайтымсыз шығындарды азайту

1

Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 14 трассалық пункт құру

ІІМ

1 819 420

2

Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі

ІІМ

751 225

3

Апаттар медицинасы қызметін көп бейінді госпитальмен жарақтандыру

ІІМ

322 556

5.1.5-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлімнің деңгейін төмендету

1

АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту

ДСӘДМ

4 655

2

Қамау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдар үшін әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту*

ДСӘДМ

35 704


Оның ішінде:

Ақмола облысы

2 724

Ақтөбе облысы

2 049

Алматы облысы

3 292

Шығыс Қазақстан облысы

6 498

Жамбыл облысы

2 668

Батыс Қазақстан облысы

1 205

Қарағанды облысы

4 342

Қостанай облысы

3 705

Қызылорда облысы

765

Маңғыстау облысы

1 017

Павлодар облысы

1 771

Солтүстік Қазақстан облысы

2 361

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 557

Алматы қаласы

818

Астана қаласы

932

Барлығы

3 516 059

      Ескертпе:
      * Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша іс-шараларды және қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
      МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар