2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1309 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының  өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін қызмет кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов