Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығын қараңыз.
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 36) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 858 қаулысымен
бекітілген
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемақылар төлеу қағидалары республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының (бұдан әрі – құтқарушылар) сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ қайта аттестаттау барысында оны растаған құтқарушыларға, базалық лауазымдық жалақыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде үстемақы төленеді.
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптық біліктілік беру туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі.
4. Құтқарушыларға сыныптылығына үстемеақылар төлеу сәйкес жылға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.