Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы № 515 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 7-1/529 бұйрығын қараңыз.


      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 515 қаулысымен  
бекітілген    

Ветеринария саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі
өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің бағалары

Р/с №

Жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалық зерттеулердің атауы

Бір зерттеудің бағасы (ҚҚС-сыз теңгеде)

1

2

3

1

Бруцеллезге диагностикалық зерттеулер


1)

бруцеллезге сынауға арналған комплементті байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, гемотоксиндігі, бақылау, антикомплементарлық, вакуумдық қан алу жүйесі)

220

2)

бруцеллезге сынау үшін Роз-Бенгал реакциясы

72

3)

бруцеллезге сынау үшін агглютинация реакциясын қайта қою

84

4)

бруцеллезге сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясын қайта қою

199

2.

Бруцеллезге сынау үшін иммуноферментті талдау (бруцеллез иммуноферментті талдау, вакуумдық қан алу жүйесі)

734

3.

Қошқардың жұқпалы эпидидимитіне диагностикалық зерттеулер


1)

ұрықтандырушы қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (жұқпалы эпидидимитіне комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация)

193

2)

ұрықтандырушы қошқардың жұқпалы эпидидимитіне сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясын қайта қою

254

4.

Қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) іш тастауына диагностикалық зерттеулер


1)

қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін иммуноферментті талдау

1345

2)

қойдың хламидиоздық (энзоотиялық) іш тастауына сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (оның ішінде гитрация)

803

5.

Аусылға диагностикалық зерттеулер (иммунитеттің қауырттылығын анықтау)


1)

аусылдың вирусына иммунитет қауырттылығын сынау үшін иммунофертментті талдау (аусыл, иммунитет қауырттылығы вакуумдық қан алу жүйесі)

1790

2)

комплементті байланыстыру реакциясымен аусыл вирусына иммунитеттің қауырттылығын сынау (аусыл, иммунитет қауырттылығы, комплементті байланыстыру реакциясы оның ішінде титрация, вакуумдық қан алу жүйесі)

1212

6.

Аусылдың вирусына құрылымсыз белоктарды сынау үшін иммуноферментті талдау

446

7.

Лейкозге сынау үшін иммунодиффуздық реакциясы

216

8.

Лептоспирозга сынау үшін микроагглютинация реакциясы

251

9.

Листериозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация)

393

10.

Жылқының инфекциялық анемиясына сынау үшін диффуздық преципитациялау реакциясы

624

11.

Жылқының эпизоотиялық лимфангоитін сынау үшін комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы (оның ішінде титрация, қайта қою)

346

12.

Пастереллезге бактериологиялық сынау (оның ішінде бөлінген микрофлоралардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау)

4 364

13.

Туберкулезге сынауға арналған бактериологиялық зерттеу

4176

14.

Ірі қара малды қарасанға сынау үшін бактериологиялық зерттеу

3 693

15.

Брадзотқа сынау үшін бактериологиялық зерттеу

3 693

16.

Қойдың анаэробтық энтеротоксемиясына сынау үшін бактериологиялық зерттеу

5 799

17.

Кампилобактериозға сынау үшін бактериологиялық зерттеу

3 878

18.

Листериозға сынау үшін бактериологиялық зерттеу

4 218

19.

Бруцеллезге сынау үшін бактериологиялық зерттеу, полимеразды тізбектеу реакциясы

12 644

20.

Сібір жарасына сынау үшін бактериологиялық зерттеу, полимеразды тізбектеу реакциясы

7 244

21.

Құтыруға сынау үшін диффузиялық преципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеулер (құтыру диффузиялық треципитация реакциясы, иммунды люминесценттік төте микроскопия әдісі, вирусологиялық зерттеу)

17004

22.

Етқоректілер обасына сынау үшін иммуноферментті талдау

2 959

23.

Жылқының ринопнемониясына сынау үшін иммуноферментті талдау

4 002

24.

Ұсақ қара малдың күліне сынау үшін диффузды преципитация реакциясы

2 177

25.

Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына сынауға арналған иммуноферментті талдау

21 248

26.

Құстардың жоғары патогенді тұмауына сынауға арналған иммуноферментті талдау, полимеразды тізбектеу реакциясы

4 110

27.

Токсоплазмозға сынау үшін комплементті байланыстыру реакциясы (токсоплазмоз, комплементті байланыстыру реакциясы, оның ішінде титрация, қайта қою)

1 276

28.

Блутангке сынау үшін иммуноферментті талдау

376

29.

Паратуберкулезге сынау үшін иммуноферментті талдау

417

30.

Вирустық диареяға сынау үшін иммуноферментті талдау

598

31.

Инфекциялық ринотрахеитке сынау үшін иммуноферментті талдау

1 059

32.

Шмалленберг ауруына сынау үшін иммуноферментті талдау

1351