Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 02.11.2015 № 9 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қобда аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 94 ұсынысының негізінде И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің И.Білтабанов ауылы аумағында ірі мүйізді мал арасында бруцеллез жұқпалы ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күні қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауылдық округ әкімі

І.Қобланов