Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.02.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларына және "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Почта арқылы жiберуге тыйым салынған заттардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 798 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 245-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi | С. Ахметов |