Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 645 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.08.2015 № 645 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiруге байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптауға байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 251-құжат);
      2) «Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 545 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1714 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 276-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1511 қаулысымен    
бекiтiлген       

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.07.2015 № 567 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).