РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын, зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов