"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 1343 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Явленка селосының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне 2014 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
      1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - тегін жол жүру;
      2) бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы                            В. Шкодин

      Солтүстік Қазақстан облысының
      Есіл ауданы мәслихатының хатшысы           Т. Мұқашев