Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығын қараңыз.
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельстік көліктегі көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1310 қаулысымен
бекiтiлген
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес әзiрленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбiн айқындайды.
2. Қазақстан Республикасында қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді облыстық маңызы бар қалалардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) жүргізеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қалалық рельстік көлік – қала және қала маңындағы аймақ шекараларында рельстермен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі (метрополитен, трамвай, жеңілрельстік, монорельстік көлік);
2) метрополитен – көліктің өзге түрлерінің желілерінен және жаяу жүргіншілердің оларға өту жолынан оқшауланған (бөлінген, бір деңгейдегі қиылыстары жоқ) жолдар бойынша жолаушылар мен багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын қалалық рельстік көлік түрі;
3) трамвай – қала шекарасында берілген маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
4) жеңілрельстік көлік – қатынау жылдамдығы мен өткізу қабілеті теміржол мен метрополитенге қарағанда төмен және трамвайға қарағанда жоғары қалалық рельстік көлік түрі;
5) монорельстік көлік – бір рельстік жолмен қозғалуға арналған қалалық рельстік көлік түрі;
6) тізілім – Қазақстан Республикасында тіркелген қалалық рельстік көліктің көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын дерек қоры.
4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместерi Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелген жағдайда тіркелуге жатпайды.
2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік
тіркеу тәртiбi
5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жергілікті атқарушы органдар:
1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлға тіркелген жер бойынша;
2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсіпкер болып табылатын жағдайда, салық төлеуші ретінде тiркелген жер бойынша жүзеге асырады.
6. Жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдарының кеңсесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеуге арналған өтінішті:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын, заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен расталған не сенім білдірілген адам растаған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесін;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып).
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейінгі берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
4) меншiк құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
5) әзірлеуші зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық паспорттың көшірмесін (формуляр) (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
6) басшының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжаттың көшірмесін және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып);
7) тіркеу алымының төленгенін растайтын құжатты;
8) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына тыйым салынбағаны туралы құжатты қоса беріп ұсынады.
7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
8. Жергілікті атқарушы органдар құжаттарды қабылдау кезінде өтiнiш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы өтінiштi жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде қарайды.
Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы орган қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.
10. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені және оның телнұсқасын бергені үшін алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынады.
11. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының қолы бар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.
12. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк қатаң есептілік құжаты болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады, қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.
13. Мемлекеттік тіркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілуге жатады.
14. Мүлiктi жалға алу (жалдау, сату), лизинг, мүлікті сенiмгерлiк басқару шартын жасасқан жағдайларда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының иесі бұл туралы жергілікті атқарушы органдарын өтініш нысанында (өтініш нысаны еркін) хабардар етеді.
Жергілікті атқарушы органдар аталған мәліметтерді тізілімге енгізеді.
15. Жергілікті атқарушы органдар:
1) көлік құралдарының техникалық паспорты мемлекеттік тіркеуге жататын қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тізбесінде көрсетілген деректерге сәйкес келмеген;
2) сот қабылдаған шешiмге сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына тыйым салынған жағдайларда, өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден бас тартады және жазбаша түрде дәлелді бас тарту ұсынады.
16. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары:
1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған;
2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын кейіннен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып, иеліктен айыру жағдайларында тiзiлiмнен шығарылады.
17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестiрiлген адам жергілікті атқарушы органдарына мыналарды:
1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не зақымдануы, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса беріп, еркін нысандағы өтiнiшті ұсынады.
18. Жергілікті атқарушы органдар тiзiлiмге қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану жөніндегі қызметтің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді енгiзедi.
19. Жеке не заңды тұлғаға тиесiлi, бұдан бұрын берілген қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бүлінген не жоғалған жағдайларда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 5 күн iшiнде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы берiледi.
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына
1-қосымша
____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының атауы)
Өтініш
___________________________________________________ құқығында тиесiлi
(меншiк, мүлiктiк жалдау, жалға алу немесе лизинг)
саны _____ бiрлiк қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеудi
сұраймын.
Мекенжайы:
_____________ қ. ______________________ к-сі.
СТН (ЖСН, БСН): _____________________________
байланыс телефондары (факс) ________________.
Тiзбе ________________ парақта қоса берiледi.
Өтiнiш берушi _______________________/_________________________
(жеке тұлғаның не заңды (Т.А.Ә.)
тұлға басшысының қолы)
М.О.
(заңды тұлға және дара кәсiпкер үшiн)
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына
2-қосымша
____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының атауы)
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтiнiші
бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі
20__ ж. «___» _______________ № ____
ҚОЛХАТ
уақыты: ______ сағат ______ мин.
Қабылданған құжаттар тiзбесi: (құжаттың атауы, сериясы, нөмiрi,
қашан және кiм бердi)
1. ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдады: ____________________________________________________
өтiнiшті қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы
Өтiнiштi орындау күнi 20__ ж. «___» ________________
____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының атауы)
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеу туралы өтiнiші
бойынша құжаттарды алғаны жөніндегі
20__ ж. «___» _______________ № ____
ҚОЛХАТ
уақыты: ______ сағат ______ мин.
Қабылданған құжаттар тiзбесi: (құжаттың атауы, сериясы, нөмiрi,
қашан және кiм бердi)
1. ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдады: ____________________________________________________
өтiнiшті қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы
Өтiнiштi орындау күнi 20__ ж. «___» _______________
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына
3-қосымша
____________________________________
____________________________________
(облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының атауы)
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк
тiркеу туралы
КУӘЛIК
Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994
жылғы 21 қыркүйектегі № 156 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
_____________________________________________________________________
(қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетiлсiн)
құқығындағы
_____________________________________________________________________
(иесiнiң толық атауы, Т.А.Ә.)
берiлдi және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін
растайды.
Зауыттық нөмiрi _____________________________________________________
мүкәммалдық нөмiрi __________________________________________________
секциясы ____________________________________________________________
жасалған жылы _______________________________________________________
Осы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық
жағдайларда қолданылады және қалалық рельстік көліктің көлік
құралының иесін куәландыратын құжатпен бірге көрсетiледi, ондағы
келтiрiлген мәліметтер өзгерген жағдайда ауыстырылуға тиіс.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Берiлген күнi 20__ ж. «___» __________
М.О.
Уәкiлеттi органның лауазымды адамы __________________________________
қолы, Т.А.Ә.
Қалалық рельстік көліктің
көлік құралдарын мемлекеттік
тiркеу қағидаларына
4-қосымша
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының
тiзiлiмi
Әкімдік |
Куәлiк № |
Берiлген күнi |
Меншiк иесi |
Меншiк түрi |
Жалға алушы |
Жалға алу мерзiмi |
Қатынау маршруты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жасалған күнi |
Нормативтiк қызмет ету мерзiмi |
Нақты қызмет ету мерзiмi |
Соңғы жөндеу күнi |
Келесi жөндеу күнi |
Техникалық жай-күйi |
Тiркелген депосы |
|
жарамды |
есептен шығарылған |
||||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Басшы ______________________/_________________________________/
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
(заңды тұлға және жеке кәсіпкер үшін)