"Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қарашадағы № 1203 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 896 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.11.2019 № 896 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінің, сондай-ақ суық қарудың айналымы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жауынгерлік қол атыс қаруының және оған оқ-дәрінiң, сондай-ақ суық қарудың айналымы еpeжесінде:

      11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жауынгерлiк қаруды сату және оны қызметтiк немесе азаматтық қару санатына ауыстыру туралы ұсыныстарды жауынгерлік қаруды пайдалану құқығы бар субъектiлер шешiмдер қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның қарауына ұсынады.

      12. Жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдік заңды тұлғаларға жауынгерлік қаруды сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жауынгерлік қарудың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесіне және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысымен бекітілген Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов