"Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 970 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2016 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникациялар қызметтер көрсетуін жергілікті желілер торабын пайдаланып ұсынуға арналған үлгі шарт алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Байланыс операторлары үшін байланыс операторларының телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосу және қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының желісінен (-не) өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шартта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және телефон трафигін өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған үлгі шарт»;
      шарттың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      « ______________________
      (шарттың жасалған орны)
      ____________________________________________________________
                          (субъектінің атауы)
      _____________________________________________________ атынан
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
      ____________________________________ негізінде әрекет ететін,
      бұдан әрі Қосылатын байланыс операторы деп аталатын бір тараптан және
      ____________________________________________________________
                           (субъектінің атауы)
      _____________________________________________________ атынан
                           (лауазымы, Т.А.Ә.)
      _________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі Қосылатын байланыс операторы деп аталатын екінші тараптан (бұдан әрі - Тараптар) төмендегілер туралы осы Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және трафикті өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.»
      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінің 10-тармағында көзделген, қосу және телефон трафигін өткізу қызметтерін көрсеткен кезде Қосатын және Қосылатын байланыс операторларының өзара іс-қимылын айқындайды.»;
      2. Қосылатын байланыс операторының желісін Қосатын байланыс операторының желісіне қосу деңгейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Тараптар өздерінің желілері арқылы IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізеді.»;
      10-тармақ алынып тасталсын;
      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін Қосылатын байланыс операторының желісіне өз желісін қосуды пайдалануға.»;
      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз желісін телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін Қосатын байланыс операторының желісіне қосуды пайдалануға»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тараптар шарттық негізде бір-біріне Тараптар желілерін пайдаланушылар генерациялайтын IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигі бойынша деректерді есепке алу мен өңдеу жөніндегі қызметтер көрсете алады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов