Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 816 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 379 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 № 379 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 816 қаулысымен  
бекітілген     

Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің
кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес әзірленді және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Қаржылық сауықтырудың негізгі мақсаттары АӨК субъектілерінің төлем қабілеттілігін жақсарту, кредиттік жүктемесін төмендету және олардың банкротқа ұшырау тәуекелін барынша азайту болып табылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) қарыз алушы – кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелері бар АӨК субъектісі;
      2) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамда мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің (келісім бойынша), қаржы институттары (келісім бойынша) мен үкіметтік емес ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдерінен құралған алқалы орган;
      3) кредиттік және лизингтік міндеттемелер – оларға қатысты осы Қағидалардың шеңберінде қаржылық сауықтыру шараларын қолдану мүмкін болатын, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға кредит алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты қаржы институттары алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;
      4) кредиторлық міндеттемелер – құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға байланысты басқа шаруашылық субъектілері алдында пайда болған қарыз алушының міндеттемелері;
      5) оператор – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін қаржы институттарының кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарттың негізінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылатын «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы;
      6) қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі – әлеуетті қарыз алушыға қатысты қаржылық сауықтыруды қолдану/қолданбау туралы шешім;
      7) мемлекеттік комиссия – «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия;
      8) кредиттік және лизингтік міндеттемелерді қайта құрылымдау – қарыз алушыларда бар кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша қайтару мерзімдерін арттыру, сыйақы мөлшерлемесін азайту, сондай-ақ жеңілдікті кезең ұсыну;
      9) кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру – қарыз алушыларға ұзақ мерзімді қайтару мерзімдерімен, төмен пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен және бар берешектерін қайтаруға жеңілдікті кезеңмен жаңа нысаналы кредиттер ұсыну;
      10) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – қарыз алушының кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ретінде қаржы институтына төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау нысаны;
      11) әкімші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
      Салық салу мақсатында әкімші төлем көздерінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген салық агенті болып танылады;
      12) қаржылық сауықтыру – айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына пайдаланылған қарыз алушының кредиттік/кредиторлық міндеттемелерін, сондай-ақ лизингтік міндеттемелерін (ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, технологиялық жабдықты сатып алу) мемлекет тарапынан қолдау кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру;
      13) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер; банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар; АӨК саласындағы кредиттік серіктестіктер;
      14) қаржы агенті – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.

3. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудың жалпы шарттары

      4. Әкімші мен оператор арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін осы Қағидалар ресми жарияланғаннан бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оператор қызметтерінің төлеу сомаларын көрсете отырып, оператордың қызметтер көрсету тәртібін, шарттарын, сондай-ақ тараптардың жауапкершіліктерін және өзге де шарттарды көздейтін Қаржылық сауықтыру үшін АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау бойынша оператордың қызметтерін көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі – қызметтер көрсету жөніндегі шарт) жасалады.
      5. Оператордың қызметтерін әкімші қызметтер көрсету бойынша тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес 225 «АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бағытының шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы қаражатының есебінен төлейді.
      6. Қарыз алушының құрылыс-монтаждау жұмыстарын қоса алғанда, айналым құралдарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықты лизингке алуға кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.
      7. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін пайда болған кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер қайта құрылымдауға және қайта қаржыландыруға жатады.
      8. Қаржылық сауықтыру қаржы институттары есептеген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарған жағдайда кредиттік және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін олардың қолданылуының бүкіл мерзімінде субсидиялауды көздейді.
      9. Қаржылық сауықтыру шараларын алған кредиттік және лизингтік шарттар бойынша талаптар жылына бір рет қана өзгертілуі мүмкін (сыйақы мөлшерлемесі, төлеу мерзімі, негізгі борыш және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеру), бұл ретте негізгі қарыздың сыйақы мөлшерлемесін капиталдандыруға жол берілмейді.
      10. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау оны жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету арқылы:
      1) қаржы институттары қарыз алушының кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұлғайтқан;
      2) АӨК субъектілері басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер алдындағы кредиттік берешегін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге оларды банктік кредитке ауыстыра отырып қайта қаржыландырған;
      3) қарыз алушылар кредиттік/кредиторлық және лизингтік міндеттемелерін қайта қаржыландыру/қайта құрылымдау кезінде осы Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсыну критерийлерін сақтаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тарауында көрсетілген қаржылық сауықтыруда тең қатысушылықты сақтаған жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық және лизингтік
міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды ұсыну шарттары

      11. Қарыз алушылардың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 (он төрт) %-дан аспайтын кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері қайта құрылымдауға/қайта қаржыландыруға жатады.
      12. Олар бойынша қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру жүзеге асырылатын бір қарыз алушының бір қаржы институтындағы кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің ұлттық валютадағы сомасы онымен үлестес басқа да қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін есепке алусыз 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспауы тиіс.
      Қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерінің сомасы 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден асқан жағдайда оны қаржылық сауықтыруға жіберу туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.
      Шетелдік валютадағы кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелер сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өтініш жасаған күні қолданыста болған ресми бағамына сәйкес жоғарыда көрсетілген ұлттық валютадағы сомаға балама сомадан аспауы тиіс.
      Қаржы институттары қарыз алушылар бастамашылық ететін кредит беру/лизинг беру шарттарын өзгертуге байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қарыз алушылардан қаржылық сауықтыруға қатысуға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
      13. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін қарыз алушының кредиттік/лизингтік міндеттемелері бойынша шарттар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жатпайды.
      14. Қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қызметі ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрған, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған қарыз алушылар қаржылық сауықтыру рәсімдеріне жіберілмейді.

5. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруға мүдделі тараптардың
тепе-тең қатысуы

      15. Қарыз алушыларды қаржылық сауықтыруды жүргізген кезде мүдделі тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер алады:
      1) қаржы институттары қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады; қайта құрылымдалатын/қайта қаржыландырылатын кредит бойынша мерзімі асып есептелген сыйақыны сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1 %-дан аспайтын және бөліп төленетін жеке кредитке бөліп шығарады; қайта құрылымдалатын кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 14 (он төрт) %-ға дейін төмендетеді; кредитті қайтару мерзімін 9 (тоғыз) жылдан аспайтын мерзімге ұзартады не қайтару мерзімі 9 (тоғыз) жылдан аспайтын жаңа кредиттер береді;
      2) қарыз алушылар қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттің негізгі борышын және ол бойынша пайыздарды тұрақты төлеу бойынша барлық шараларды қабылдайды, борышты және ол бойынша пайыздарды толық өтегенге дейін таза табысты бөлуге жол бермейді;
      3) қарыз алушылардың меншік иелері кредиторлар алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін қатысушылар арасында табыстың бір бөлігін бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторлар тарту, қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша қаржы институттарына толық жәрдемдесу жолымен және басқа шаралармен қолдау көрсетеді;
      4) әкімші қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды оны жылдық 7 (жеті) %-ға дейін төмендету жолымен қамтамасыз етеді.

6. Қаржылық сауықтыруға қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі

      16. Қарыз алушылардың кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдауды/қайта қаржыландыруды жүргізу үшін оператор қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру рәсімдерін бастау туралы хабарламаны кемінде 3 (үш) республикалық бұқаралық ақпарат құралында және интернет-ресурстарда (меншікті және әкімшінің) орналастырады, бұл қарыз алушыларға қаржылық сауықтыру шеңберінде қайта құрылымдауды және қайта қаржыландыруды жүзеге асыруға өтініштермен қаржы институттарына жүгінуге құқық береді.
      17. Қарыз алушылар өздерінің кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелерін қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру ниеті туралы өтінішпен қаржы институттарына жүгінеді.
      18. Қаржы институттарының қарыз алушылардың өтініштерін қарауы қаржы институттарының ішкі кредиттік саясатына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Қаржы институттары тоқсан сайын, келесі тоқсанның 5-күніне дейін мынадай құжаттарды қалыптастырады және операторға жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Оған қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды;
      2) бір реттік тәртіппен ұсынылатын банктік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нотариат растаған көшірмесі;
      3) қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;
      4) Қарыз алушының кредит/лизинг алғандығын растайтын құжат;
      5) АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспары.
      20. Субсидияларды бөлуді жүргізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрамында комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы бар Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия құрылады. Бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшесі болып табылмайды.
      21. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Егер Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысына мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы заңды деп есептеледі.
      22. Оператор қаржы институттарынан өтінімдер болған кезде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен (жиырмасы) кешіктірмей қаржы институттары ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігіне қарап, Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын оның мүшелеріне жазбаша хабарлама жіберу жолымен шақырады. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізу орнын, уақытын және күнін оператор өз бетінше айқындайды.
      23. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысы тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.
      24. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаға мынадай материалдар электрондық тасығышта қоса беріледі:
      1) қарыз алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы оператордың қорытындысы;
      2) Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімінің жобасы;
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы институты өтінімінің көшірмесі;
      4) қарыз алушының кредиттік/кредиторлық/лизингтік міндеттемелері жөніндегі шарттардың көшірмелері;
      5) қарыз алушының кредит/лизинг алғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
      6) АӨК субъектісін қаржылық сауықтыру жоспарының көшірмесі.
      25. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді оның мүшелерінің көпшілік дауысымен дауыс беруі арқылы хаттамалық шешім түрінде қабылдайды.
      Бұл ретте Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың қорытындысын және осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа алады.
      26. Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімі:
      1) қаржы институтының атауын және орналасқан жерін;
      2) мақұлданған/мақұлданбаған қарыз алушылардың атаулы тізбесін, бас тарту себептерін;
      3) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарыз сомаларын;
      4) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша қарыз мерзімін;
      5) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша нысаналы мақсатын;
      6) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің пайызын;
      7) қарыз алушының әрбір кредиттік/лизингтік шарты бойынша субсидиялардың жалпы, оның ішінде тоқсандар бойынша сомасын;
      8) қаржы институтының және қарыз алушының меншік иелерінің тарапынан қабылданған не қабылданып жатқан қаржылық сауықтыру шараларын қамтуы тиіс.
      Субсидиялар сомасын бөлу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде АӨК дамыту бағыттарының басымдығына сәйкес жүргізіледі.
      Бұл ретте көрсетілген бағыттардың басымдылығы келесі бағыттың өтінімдерін қанағаттандыруға көшкенге дейін жоғары тұрған бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды көздейді. Бір басымдылық бағыты шеңберінде субсидиялау сомасын бөлу қарыз алушының өтінім ұсыну күніне қарай жүзеге асырылады.
      27. Оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін бір күн мерзімде Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмелердің хатшының қолы қойылған, мөрмен расталған түпнұсқасын кейін жолдай отырып, осы үзінді-көшірмені қаржы институттарына және қаржы агентіне электрондық пошта арқылы жолдайды.
      28. Қаржы институттары Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасынан үзінді-көшірмені алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қарыз алушыға осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржылық сауықтыру шараларын қабылдайды.

7. Қарыз алушылардың кредиттік және лизингтік міндеттемелерін
қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау тәртібі

      29. Қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін ақша ұсыну әкімші, оператор және қаржы институттары арасындағы үш жақты шартқа (бұдан әрі – субсидиялау шарты) сәйкес жүзеге асырылады.
      30. Субсидиялау шарты Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешімінің негізінде жасалады және қаржы институтына қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, қарыз алушының сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін қаржы институтының есептен шығару процесіне оператордың мониторинг жүргізу шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейді.
      Субсидиялау шартына қол қою тәртібі:
      1) оператор мен қаржы институты арасында – Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия шешім қабылдаған күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      2) әкімші – оператордан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      31. Қаржы институты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін алу үшін операторға:
      1) әрбір қарыз алушы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі үшін ақша аудару ведомосы қоса берілген өтінімді;
      2) қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттардың қаржы институты растаған көшірмелерін жолдайды.
      32. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша өтінім сомасының міндеттерді өтеу кестелеріне сәйкестігін, сондай-ақ қарыз алушылардың қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін есептен шығару үшін қаражатты пайдалану туралы есепті тексеруді жүзеге асырады және әкімшіге субсидиялау үшін кезекті ақша траншын аудару туралы ұсыныс енгізеді.
      33. Жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялау сомаларын әкімші аударуы үшін қаржы институты арнайы шот ашады.
      Жасалған субсидиялау шартына сәйкес әкімші қаржы институтына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шотқа Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аванспен аударады. Ол үшін әкімші 3 (үш) жұмыс күні ішінде оператор хатының негізінде қазынашылық органдарына тиісті төлем шоттарын жолдайды.
      Қаржы институты арнайы шоттағы ақшаны осы Қағидаларда көзделмеген өзге мақсаттарға пайдалана алмайды. Арнайы шоттағы қаражатты мақсатсыз пайдаланған жағдайда қаржы институты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
      34. Қаржы институты қарыз алушыдан сыйақы мөлшерлемелесінің субсидияланбайтын бөлігін алған кезде қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шартқа өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін арнайы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.
      35. Егер қаржы институтының арнайы шотында пайдаланылмаған қаражаттың қалдығы болған жағдайда, әкімші субсидиялауға арналған ақша сомасын осы қалдықты шегере отырып аударады. Егер қаржы жылының соңына арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы болған жағдайда, қаржы институты ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейінгі мерзімде оны әкімшінің шотына қайтарады.
      36. Қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарт бойынша төлем күні келген және қаржы институтының арнайы шотында сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу үшін қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы толық сыйақы мөлшерлемесін төлеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырады. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін әкімші қаржы институтының арнайы шотына қаражат аудару жолымен өтейді. Мұндай жағдайда қаржы институты қарыз алушыға алдында төленген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеуді жүргізеді.
      37. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін қаржы институты растаған арнайы шоттан үзінді-көшірмені қоса беріп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілікті операторға ұсынады.
      38. Оператор қаржы институтынан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін оған сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің төленген қаражатының осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі мәніне талдау жасайды.
      39. Қаржы институты қолданыстағы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарттың талаптарын (сыйақы мөлшерлемесін, сыйақыны төлеу мерзімін, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсынуды) өзгерткен жағдайда, ол күнтізбелік 10 (он) күн ішінде операторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін қамтитын құжаттар пакетімен жолдайды.
      40. Оператор осы құжаттар пакетін қабылдайды, негізгі борышты және сыйақыны өтеудің жаңартылған кестесін есептеу дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде қорытынды жасап, құжаттарды Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қарау үшін жолдайды.

8. Субсидиялауды тоқтату тәртібі

      41. Қарыз алушы негізгі борыштың бір бөлігін және/немесе сыйақы мөлшерлемелесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 ай ішінде орындамаған жағдайда, қаржы институты осы фактіні анықтаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды жазбаша хабардар етеді.
      Қаржы институты ұсынған ақпараттың негізінде оператор қарыз алушының пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауды тоқтату туралы мәселені Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қарауға шығарады.
      42. Субсидиялауды тоқтату Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның шешімі бойынша:
      1) қарыз алушы негізгі борышының бір бөлігін және/немесе сыйақының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамаған;
      2) кредиттік қаражатты мақсатсыз пайдаланған;
      3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша Қарыз алушының шотына тыйым салынған;
      4) қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген жағдайда жүзеге асырылады. Қарыз алушы қайта құрылымдалған/қайта қаржыландырылған кредиттік/лизингтік шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толығымен өтеген күні пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтату күні болып есептелетін болады;
      5) қарыз алушының субсидияларды тоқтату туралы бастамасы;
      6) республикалық бюджет тарапынан қаржыландыру болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      43. Оператор Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы институтын және қарыз алушыны қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

9. Қаржылық сауықтыру мониторингі

      44. Қаржылық сауықтыруды іске асыру мониторингін оператор жүзеге асырады, оның функцияларына:
      1) қаржы институты ұсынатын ұсынылған құжаттардың негізінде қарыз алушының кредитті мақсатты пайдалану;
      2) қаржы институты ұсынатын құжаттардың негізінде қарыз алушының негізгі борышының бір бөлігін және ол бойынша пайыздарды уақтылы өтеу;
      3) қаржы институты ұсынатын құжаттардың негізінде қарыз алушының субсидияланатын кредитін/лизингін мерзімінен бұрын өтеу мониторингі жатқызылады.
      45. Қаржы институттары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін операторға растайтын құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептілік ұсынады.
      46. Оператор тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін әкімшіге қарыз алушыларды қаржылық сауықтыру бойынша орындалған жұмыс туралы есепті осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      47. Оператор мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы институтынан барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.
      48. Әкімші жыл сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға әкімші және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бірлесіп бекітетін тәртіппен бюджеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялар алған қарыз алушылар туралы ақпаратты жолдайды.

10. Хабарламалар

      49. Әкімші, оператор, қаржылық агент және қаржы институттары осы Қағидалар шеңберінде талап етілетін немесе жасалатын кез-келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда ұсынылатынына келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу пошта арқылы немесе курьерлік байланыспен, факсимильді және телексті байланыс арқылы жеткізілсе, қаралатын болады.
      50. Қаржылық сауықтыру мониторингінің шеңберінде көзделген есептілік кейіннен қаржы институтының операторға құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болу шартымен жөнелту күні – қол қойылған материалдарды электрондық пошта арқылы жөнелту жолымен ұсынылуы мүмкін.

Қаржылық сауықтыру үшін   
агроөнеркәсіптік кешен   
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері  
бойынша сыйақы       
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына        
1-қосымша          

Қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның
құрамы

Р/с

Т.А.Ә.

Ұйымның аталуы

1

ТОЛЫБАЕВ
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Комиссия төрағасы

2

ШАЕКИН
Рауан Михайұлы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

3

ҚҰСАЙЫНОВ
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

4

ОСПАНОВ
Асылхан Зейноллаұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

5

БЕКІШОВА
Күміс Оспанқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаментінің бас сарапшысы

6

МАХАЖАНОВ
Дәурен Сәбитұлы

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

7

ӘБДІКӘРІМОВА
Жанар Мұратқызы

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

8

ОШАҚБАЕВ
Рахым Сакенұлы

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

9

ҚОСШЫҒҰЛОВА
Бахыт Ертайқызы

«Қазақстан құс өсірушілер одағы» заңды және жеке тұлғалардың бірлестігі Президентінің кеңесшісі (келісім бойынша)

10

ӘБЕНОВ
Асқар Елтайұлы

«ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы департаментінің директоры, хатшы (келісім бойынша)

Қаржылық сауықтыру үшін   
агроөнеркәсіптік кешен   
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері  
бойынша сыйақы       
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына        
2-қосымша          

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру кезінде сыйақының пайыздық
мөлшерлемесін субсидиялауға
өтінім

                                         «___» ______________ 20__ ж.

Кімге: ______________________________________________________________
                         (оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
        (қаржы институтының атауы, пошталық заңды мекенжайы, байланыс
                   телефондары, ЖБН, банк деректемелері)

1

Қатысушы туралы мәліметтер

1.1

Атауы


1.2

Толық пошталық (заңды) мекенжайы


1.3

Байланыс телефондары


1.4

БЖН/ЖБН


1.5

Банк деректемелері


1.6

Өтеу кестелерінің көшірмесі


1.7

Қаржы институты мен қарыз алушы тарапынан ұсынылатын іс-шараларды және заттай және қаражат түрінде қаржылай сауықтырудан күтілетін нәтиже көрсетілген қаржылық сауықтыру жоспары


      Осы арқылы мыналар:
      1) қарыз алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде көмек көрсетілмейтіні;
      2) қарыз алушылардың қаржылық берешегін қайта құрылымдау жағдайларын, сондай-ақ жеделдетілген сауықтыру рәсіміндегі қарыз алушыларды қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдастыру-құқықтық нысанын өзгерту, тарату, оңалту немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмағаны расталады.

      Қаржы институтының бірінші басшысының Т.А.Ә. және қолы ________
                                                                М.О.

      Өтінішті тапсыру күні «___» ___________________________ 20__ ж.
      Өтінішті қабылдау күні «___» __________________________ 20__ ж.

Қаржылық сауықтыру үшін   
агроөнеркәсіптік кешен   
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері  
бойынша сыйақы       
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына        
3-қосымша          

АӨК дамытудың басым бағыттары

Атауы

Қызмет түрі

Бірінші басымдылық

Күріш өсіру

Көкөніс пен бақша дақылдарын, тамыртүйнектілер мен түйнек жемістілерді өсіру

Ірі қара малдың сүтті тұқымдарын өсіру

Ірі қара малдың басқа тұқымдары мен буйволдарды өсіру

Жылқы және басқа да тұяқты тұқымдарды өсіру

Түйе өсіру

Қой, ешкі өсіру

Шошқа және торай өсіру

Құс шаруашылығы

Жануарлардың басқа да түрлерін өсіру

Тұщы су балықтарын өсіру

Ет өңдеу және консервілеу

Үй құстарының етін өңдеу және консервілеу

Еттен және үй құсы етінен дайындалатын тағамдарды өндіру

Балық, шаян тәрізділерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу

Картоп өңдеу және консервілеу

Жеміс-жидек және көкөніс шырындарын өңдеу

Жеміс-жидек пен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың басқа да түрлері

Сары май мен майлар өндіру

Маргарин мен тоң май өндіру

Сүт өңдеу және ірімшік өндіру

Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

Нан өндіру; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдарды, торттар мен пирожныйларды өндіру

Макарон өнімдерін өндіру

Қант өндіру

Балалар тамағын және диетикалық өнімдерді өндіру

Дәнді дақылдарды (күріштен басқасы), бұршақ тұқымдас дақылдарды және зәйтүн тұқымын өндіру

Дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды жинақтау және сақтау

Екінші басымдылық

Басқа да маусымдық дақылдарды өсіру

Жүзім өсіру

Шекілдеуік және сүйекті жемістерді өндіру

Жемісті ағаштардың басқа да түрлерін, бұталы өсімдіктер мен жаңғақ өсіру

Сусындар өндіруге арналған дақылдарды өсіру

Балмұздақ өндіру

Ұзақ уақыт сақтауға жарамды қатқан нан мен печенье, ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдарды, торттарды, пирожныйларды, бәліштер мен бисквиттерді өңдеу

Дайын азық түлік пен жартылай дайын фабрикаттарды өндіру

Фермадағы малдарға арналған дайын жемшөп өндіру

Үй жануарларына арналған дайын жемшөп өндіру

Қаржылық сауықтыру үшін   
агроөнеркәсіптік кешен   
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері  
бойынша сыйақы       
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына        
4-қосымша          

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға бөлінген субсидиялау
қаражатының «___» ________ 201 ж. «___» __________ 201__ жыл
аралығында нақты пайдаланылуы туралы
ЕСЕП
(Қаржы институты әр тоқсан сайын операторға тапсырады)

Р/с

Қарыз алушының атауы

Барлық қарастырылған субсидиялар, теңге

Есепті кезеңде аударылған субсидиялардың барлығы, теңге

Нақты аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқулар (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу

барлығы

барлығы, оның ішінде есепті кезең

барлығы

оның ішінде есепті кезең

4 б. - 6 б.

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Қарыз алушыға нақты аударылған сыйақы*, теңге

Қарыз алушы төлеген сыйақысы, теңге

Қаржы институтының 20__ ж., __ тоқсанына өтініші, теңге

жалпы сома

қарыз алушының өтеуі

бюджеттен субсидиялау**

барлығы

барлығы, оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

барлығы, оның ішінде есепті кезеңде

%

сома

%

сома

%

сома

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      Ескертпе:
      * субсидияның сомасын есепке алмай
      ** 8 б. бойынша ауытқу сомасын есепке ала отырып

      Қаржы институтының басшысы _____________________ (қолы, Т.А.Ә.)
      М.О. __________________________________________________________

Қаржылық сауықтыру үшін   
агроөнеркәсіптік кешен   
субъектілерінің кредиттік және
лизингтік міндеттемелері  
бойынша сыйақы       
мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидаларына        
5-қосымша          

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бойынша «___» _____ 201 ж.
мен «___» __________ 201__ ж. аралығында атқарылған жұмыстар туралы
ЕСЕП
(оператор әр тоқсан сайын әкімшіге тапсырады)

Қаржы институтының атауы

Кредит беру шарттары

АШМ субсидиясының нақты аударылған сомасы, теңге

Барлық қалдық
(4 б. - 5 б)

кредит сомасы, теңге

сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жылдық сомасы, теңге

АШМ субсидиялайтын жылдық сома, теңге

1

2

3

4

5

6













      Кестенің жалғасы

Қаржы институтының 20__ ж., ___ тоқсанына өтініші, теңге

Субсидиялау

жалпы сомасы

қаржы алушының өтеулері

бюджеттен субсидиялау

өткен жылдарға аударымдар

қаржы институтының өтінішін ескере отырып есепке жазу, жиыны

аударуға жатады
(11 б. – 6 б.)


сома

сома




7

8

9

10

11

12







Күні ________________________________________________________________
Оператордың уәкілетті тұлғасының қолы _______________________________
М.О. ________________________________________________________________