Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беретін және талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 733 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 693 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 693 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға тиіс және 01.01.2016 дейін қолданылады).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және 99-бабы 1-тармағының 14-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамы:
      1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын беретін;
      2) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған табыстары жиынтық жылдық табысынан алып тасталуға жататын заңды тұлға болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов