Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 581 қаулысы

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 28.04.2016 № 214 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Ш. Халмурадовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі У. Қайназаров