"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы №

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 258 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары.

Р/с

Посттың атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 253 км

2.

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км

3.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара - Шымкент, 965 км

4.

Қобда

Ақтөбе

Орал - Ақтөбе, 618 км

5.

Семей

Шығыс Қазақстан

Омбы - Майқапшағай, 757 км

6.

Ақжайық

Батыс Қазақстан

Орал - Атырау, 126 км

7.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км

8.

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

9.

Қарабалық

Қостанай

Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км

10.

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

11.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

12.

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

13.

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан

Челябинск - Новосибирск, 496 км

14.

Шақпақ Баба

Оңтүстік Қазақстан

Алматы - Ташкент, 594 км

15.

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1281 км

                                                                   ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов