Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 181 қаулысы

      «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлінсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 181 қаулысына 
қосымша       

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін
базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2013 № 1236 қаулысымен.

                                                            мың теңге

Р/с

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

2013 жыл

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

4 252 700,7

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

960 378

з

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

841 940

4

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

49 052

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

394 794

6

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

24 276

7

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

16 726,4

8

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

353 638,9