Қазақстан Республикасында суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1779 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай жылына екі рет Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай жылына екі рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1779 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасында суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспар

р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығыстар, млн.тенге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының орташа еңбекақысы деңгейін статистика деректері бойынша тиісті өңірдегі өндірістік персоналдың орташа еңбекақысы деңгейіне дейін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

2.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен амортизациялық шегерімдер деңгейін бір уақытта толық көлемде есептеу кезінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарын қайта бағалау нәтижелерін есепке алу мүмкіндігін қамтамасыз ету

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

3.

«Су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелерге және энергетика секторындағы табиғи монополия субъектілеріне қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері үшін іске қосылған активтердің реттелетін базасына арналған пайда (таза табыс) ставкаларын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен пайданың инвестицияларға қажеттілік деңгейіне сәйкестігі кезінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің пайда ставкаларының деңгейін 30%-ға дейін арттыру мүмкіндігін қамтамасыз ету

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

4.

Шекті тарифтер бойынша жұмысқа ауысу үшін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін іріктеу өлшемдерін әзірлеу және олардың негізінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шекті тарифтер бойынша жұмысқа ауысу жөніндегі кестені қалыптастыру

ҚТКШІА мен ТМРА-ның бірлескен бұйрығы

ҚТКШІА, ТМРА, жергілікті атқарушы органдар

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

5.

«Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен суға тарифтері 1 м3-не 200 теңгеден аспайтын сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін тарифтерді қалыптастырудың жаңа тетігін енгізуді қамтамасыз ету

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді

-

6.

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің негізгі құралдарға қайта бағалауды жүргізуін қамтамасыз ету

Негізгі құралдарға қайта бағалауды жүргізудің нәтижелері туралы қорытынды

ҚТКШІА, ТМРА, жергілікті атқарушы органдар

2013 – 2015 жылдар

Талап етілмейді

-

7.

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің заңнамада белгіленген тәртіппен шекті тарифтерді белгілеуге өтінімдерді әзірлеуін және оларды уәкілетті органға осы Жоспардың 4-тармағында көзделген кестеге сәйкес тапсыруын қамтамасыз ету

Сумен жабдықтау және су бұру саласында ғы табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдері

ҚТКШІА, жергілікті атқарушы органдар, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылдар

Талап етілмейді

-

8.

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің шекті тарифтерін заңнамада белгіленген тәртіппен бекіту

ТМРА бұйрықтары

ТМРА

2013 – 2015 жылдар

Талап етілмейді

-

9.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтерді қалыптастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

ЭДСМ, ТМРА, ҚТКШІА

2013 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

10.

Осы Жоспардың 9-тармағында көзделген іс-шараны орындаудың нәтижелері бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу

НҚА жобалары

ЭДСМ, ТМРА,

2013 – 2014 жылдар

Талап етілмейді

-

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
      ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі