Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1641 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 605 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 605 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдары тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған лицензия беру жөнінде келiсім беруші органдар болып айқындалсын.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысымен  
бекітілген      

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптарында мыналар болуы тиіс:

Құжаттар тізбесі

Ескертпе

1

2

3

4

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі лицензияны алу үшін

1.

1) жоғары білімі («археология және этнология», «тарих») және археология саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі бар, өтініш берушіде негізгі қызметкер болып табылатын ғылыми жетекшілер – заңды тұлғалар үшін;
2) өтініш берушінің жоғары білімі («археология және этнология», «тарих») және археология саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі – жеке тұлғалар үшін

1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы көрсетілген ақпараты бар мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес);
2) археология жұмыстары саласындағы жұмыс өтілін растайтын ақпараты бар (жұмыс орны, лауазымы, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні және (немесе) жеке еңбек шартының нөмірі және күні) мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


2.

тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтар

мыналар:
1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;
2) жабдыққа меншік құқығы туралы ақпарат көрсетілген мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


3.

тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдары

ғылыми ұйымның ұсыным хаты


Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу үшін

4.

1) өтініш берушінің жоғары немесе арнайы орта білімі («сәулет», «реставрациялау») және ғылыми-реставрациялау саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі бар, өтініш берушіде негізгі қызметкер болып табылатын ғылыми жетекшілер – заңды тұлғалар үшін;
2) жоғары немесе арнайы орта білімі (сәулет, реставрациялау) және ғылыми-қалпына келтіру саласында үш жылдан кем емес тиісті жұмыс өтілі – жеке тұлғалар үшін

1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы көрсетілген ақпараты бар мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес);
2) ғылыми-реставрациялау жұмыстары саласындағы жұмыс өтілін растайтын ақпараты бар (жұмыс орны, лауазымы, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні және (немесе) жеке еңбек шартының нөмірі және күні) мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


5.

тарих пен мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес жабдықтар

мыналар:
1) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес жабдықтардың тізбесі;
2) жабдыққа меншік құқығы туралы ақпарат көрсетілген мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


Тарих және мәдениет        
ескерткіштерінде археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялау  
жұмыстарын жүзеге асыру үшін  
қойылатын біліктілік талаптары және
олардың сәйкестігін растайтын  
құжаттардың тізбесіне қосымша 

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары бойынша мәліметтер нысаны

      1. Ғылыми жетекші:
      1) мамандығының және біліктілігінің атауы ____________________;
      дипломның нөмірі _____________________________________________;
      дипломның берілген күні ______________________________________;
      дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________.
      2) археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау саласындағы жұмыс өтілі ____________________________________________;
      жұмыс орны ___________________________________________________;
      атқаратын лауазымы ___________________________________________;
      жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні ___________________________________________________;
      жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні ____________.
      2. Мамандандырылған жабдықтар:
      1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі _____________________;
      2) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының нөмірі _____________________________________________________________;
      жасалған күні ________________________________________________;
      шарт жасалған тұлға (заңды және (немесе) жеке тұлғаның атауы)_
      ______________________________________________________________.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1641 қаулысына  
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Тарих пен мәдениет ескерткiштерiне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтiру жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 221-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 316-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 198-құжат).
      4. «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1385 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 72-құжат) күшi жойылды деп танылсын.