"Қаражатты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1621 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесiнде:
      18-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      «2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензия.»;
      22-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;»;
      51-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;»;
      87-1-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;»;
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;»;
      87-2-тармақтың 1) тармақшасында:
      төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;»;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;»;
      317-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;»;
      Ережеге 3-қосымшада:
      11-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;»;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2) «Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларында:
      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуеттi өнiм берушiлер электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретiн соңғы күнге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, бiрақ электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудiң соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей өткiзiлетiн электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы веб-портал арқылы жариялайды.»;
      41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарайды және электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді ашқан күнінен бастап күнтізбелік он күн iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушылар деп таниды).»;
      46-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшiрмелерiн бермеу;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн не электрондық конкурс жарияланған күнінен кейін берілген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiнiң қол қойылған және белгiленген тәртiппен мөрмен расталған электрондық көшiрмесiн бермеу;
      электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»;
      47-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      электрондық конкурс жарияланған күнінен ерте емес берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»;
      91-тармақта:
      10) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;
      11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      «11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;»;
      123-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      124125 және 126-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «124. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етуді аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
      125. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмдi банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      4) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      126. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.»;
      133-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      149-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжат түріндегі лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және сатып алынатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және іске асыруға арналған өнім берушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбау;»;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау;»;
      150-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»;
      156-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»;
      Қағидаларға 1-қосымшада:
      9-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:»;
      3) және 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «42. Электрондық конкурстың жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.»;
      аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада:
      алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын:
      «Аукционның жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аукционға қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.»;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада:
      алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын:
      «Электрондық конкурстың жеңiмпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде электрондық конкурсқа қатысуға өз өтiнiмiмiзге қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiкті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн беруге мiндеттенемiз.»;
      аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада:
      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада:
      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуеттi өнiм берушiнiң соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетiлген қызметтерiнiң) көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»;
      Қағидаларға 5-қосымшада:
      8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1) әлеуеттi өнiм берушi өзінің жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн не электрондық құжаттарды:»;
      21-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
      2223 және 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
      «22. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
      23. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған аукционда қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      4) аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      24. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.»;
      31-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын;
      51-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»;
      52-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;»;
      59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «59. Аукционның жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады;»;
      аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада:
      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада:
      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл ішінде берген (өндiрген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi (бар болған жағдайда толтырылады).»;
      конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 9-қосымша алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1618 қаулысына    
қосымша          

Үлгі конкурстық құжаттамаға
10-қосымша        

Берешектiң жоқтығы туралы анықтама

      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.

Күнi ____________
Қолы ____________
М.О.