Қаражатты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 233 Қаулысы

      «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қаражат ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 233 қаулысына  
қосымша      

Қаражатты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлу

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 615, 2012.11.09 N 1428, 2012.12.19 N 1621 Қаулыларымен.

мың теңге     

Р/с

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы

2012 жыл

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

4 981 723

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

981 116

3

Қазақстан Республикасы Қоршаған органы қорғау министрлігі

46 439

4

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

563 083

5

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

40 433

6

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

707 430

7

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

45 048

8

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

46 561

9

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

96 792

10

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

277 052

11

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі

1 255 625