"Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы -темір жол өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі № 648 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесінде:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
      Мерке (Жамбыл облысы).»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункттері:
      Достық (Алматы облысы)
      Алтынкөл (Алматы облысы).»;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Түрікменстанмен шекарадағы көп жақты қатынас үшін ашық темір жол жүк-жолаушы өткізу пункті:
      Болашақ (Маңғыстау облысы).».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Түрікменстан өкілдіктерінің назарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ақпаратты жеткізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов