"Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1595 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша:
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      «11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
      Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдердің су көлемі (деңгейі) мен сапасын арттыру мәселесін кешенді шешу жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов