Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2024 № 195 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары
Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының
жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен бейбіт уақытта қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мынадай санаттағы қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) мемлекет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі:
1) тәуліктік наряд құрамына кіретін, жауынгерлік кезекшілік атқарушы қызметкерлер;
2) арнаулы (әскери) оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;
3) оқу жаттығуларына қатысушы, сондай-ақ арнаулы жиындарды өткеруші (далалық жағдайда) қызметкерлер, егер бұл іс-шаралар бір күннен артық өтсе;
4) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының әскери-медициналық бөлімшелерінде емделуші немесе тексеруден өтуші қызметкерлер;
5) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардабын жоюға қатысушы қызметкерлер.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.02.2017 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының арнаулы (әскери) оқу орнына түсуге жіберілген және казармалық жағдайда тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары келген күнінен бастап қабылданған немесе іріктеу кезінде қабылдаудан бас тартылған күнге дейін мемлекет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.
3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызметкерлер, олардың тәуліктік іссапарлық шығыстары белгіленген тәртіппен өтелген жағдайда, азық-түлікпен қамтамасыз етілмейді.
4. Қызметкерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардан тиісті қызметтерді, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу арқылы жүзеге асырылады және/немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелері заңнамаға сәйкес дербес жүзеге асырады.
2. Қызметкерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету тәртібі
5. Қызметкерлер азық-түлікпен белгіленген заттай нормалар бойынша пайдалануға дайын тағам және сусындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша тамақ) түрінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының тиісті тамақтану пункттері (асханалар, тамақтану орындары ) арқылы қамтамасыз етіледі.
Азық-түлік үлесін беру кезінде азық-түлік өнімдерін басқа өнімдерге алмастырудың заттай нормаларында белгіленген өнімдердің өзара алмасу нормалары шегінде рұқсат беріледі.
6. Қызметкерлерді пайдалануға дайын тағаммен және сусындармен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдалануға дайын тағамның және сусындардың сәйкестігін бақылау тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Жекелеген жағдайларда азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген құрғақ азық үлесін беруге рұқсат етіледі.
7. Тамақ қатаң түрде бекітілген мәзір бойынша, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларының өнімдерін тарата отырып (тарату мәзірі) дайындалады. Үш мезгіл тамақтану кезінде жабдықтау нормалары энергетикалық құндылығы (құнарлылығы) бойынша санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес бөлінеді.
8. Апталық азық-түлікті тарату мәзірін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мүдделі бөлімшелерімен келісім бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін басқа ұйымның уәкілетті өкілі дайындайды. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мемлекеттік мекемелері азық-түлікпен қамтамасыз етуді дербес ұйымдастырған жағдайда, онда азық-түлікті тарату мәзірін азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты қызметкер дайындайды.
Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны шаруашылық бөлімшесінің бастығы үш данада бекітеді. Бір данасы арнаулы мемлекеттік органның бухгалтериясында, екінші мен үшінші даналары тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады.
9. Тамақ дайындау процесін және пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын бақылау үшін жауапты лауазымды тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының медициналық бөлімшесінін қызметкері тағайындалады.
Әр тамақ қабылдау алдында бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар азық-түлікті тарату мәзіріне сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормасының толық жеткізілуін, сондай-ақ пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тексереді.
Медициналық бөлімшенің қызметкері пайдалануға дайын тағам мен сусындардың сапасын тікелей ыстық ас цехында татып көру арқылы, ас дайындау және тамақ қабылдау пунктері үй-жайларының санитарлық жағдайын тексереді.
Бақылау қорытындысы азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларына толық жеткізілуін бақылауды есепке алу кітабына жазылады. Осы кітапта медициналық бөлімшенің жауапты қызметкері дайын тағам мен сусындардың сапасы туралы, өзі тексерген үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы жазады, сондай-ақ оны пайдалануға рұқсат береді. Осыдан кейін қызметкерлерге тамақ беруге рұқсат етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыруды тексеретін тұлғалар цехтарға және басқа да тамақтану орындарының үй-жайларына барған кезде санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтайды.
10. Қызметкерлердің тамақтануды бастауы алдында дайындалған астың температурасы санитарлық нормалар мен қағидалардың талаптарына сай болуы тиіс.
11. Қажет болған жағдайда дайын тамақ ас қабылдау орындарына дейін санитарлық нормалар мен қағидаларды сақтай отырып жеткізілуі тиіс.
12. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі лауазымды тұлғаларының міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысының актісімен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ескерту. Нормалар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 679 қаулысымен.