04.12.2012

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін беруді қамтамасыз етсін.
      3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамның 100 % мөлшеріндегі акцияларының пакетін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына заңнамада белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (келісім бойынша), «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1539 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде реттік нөмірі 57-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
      «Меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 71-жолмен толықтырылсын:
      «71. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ акциялар пакетінің 100 %»;
      «Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары» деген бөлімнің реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты».
      6. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысында:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын:
      «32. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-жолмен толықтырылсын:
      «28. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ».
      7. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
      «Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
      «39. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».


Дата вступления в силу:  04.12.2012
Дата изменения акта:  28.08.2015
Дата принятия акта:  04.12.2012
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 29-құжат
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  70120
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1539
Статус акта:  upd
Сфера правоотношений:  005004001000 / 009003000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz