Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1222 Қаулысы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 14.04.2016 № 377 бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына - Мемлекеттік органдардың интранет-порталы қатысушыларының назарына жеткізуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация   
министрінің        
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 617 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың
интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың интранет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулық Мемлекеттік органдардың интранет-порталының (бұдан әрі – МО ИП) жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қатысушылардың өзара іс-қимылының рәсімдері нақтылайды.
      3. Осы Нұсқаулықтың әрекеті Қазақстан Республикасы мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерден тұратын электрондық құжаттарға, сондай-ақ таратуға шектелген қызмет ақпараты бар, «Қызмет бабында пайдалану үшін» шектелген белгісі бар электрондық құжаттарға таратылмайды.
      4. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруға қатысу жөнiндегi мiндеттер, «электрондық үкiметтiң» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;
      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі - МО КО) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесіне қатысушыларға қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
      4) мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының операторы (бұдан әрі - МО БКО операторы) - мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының аппараттық-бағдарламалық кешені бар және Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын мемлекеттік органдарға, аумақтық бөлімдерде және ведомствоға бағынысты ұйымдар байланыс қызметін беретін заңды тұлға;
      5) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МО ИП) – мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-үдерістерін автоматтандыру үшін арналған ақпараттық жүйе;
      6) мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының әкімшісі (бұдан әрі – МО КО әкімшісі) – серверлерді техникалық сүйемелдеуді, сонымен қатар МО КО серверлеріндегі операциялық жүйелерді әкімшілендіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      7) МО ИП қатысушы – МО ИП-да электрондық түрдегі құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау және тарату үдерістеріне қатысатын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
      8) МО ИП пайдаланушыларын қолдау қызметі – МО ИП пайдаланушыларының сұрау салудың орталықтандырылған қабылдауды, тіркеуді, алғашқы консультацияны және МО ИП экскалацияны, сонымен қатар сұраныстардың орындалу мониторингі мен өтініш беруші хабарлауды жүзеге асырады;
      9) МО ИП серверлерінің әкімшісі – МО ИП серверлік жабдықтары мен жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді жүйелі-техникалық әкімшілендіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      10) пайдаланушыларды қолдаудың әкімшісі - мемлекеттік органдарда МО ИП сүйемелдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
      5. МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету үдерісінде қатысушылар:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
      2) МО ИП қатысушы;
      4) пайдаланушыларды қолдау әкімшісі;
      5) МО ИП серверлерінің әкімшісі;
      7) МО БКО әкімшісі;
      8) МО КО әкімшісі.

2. Мемлекеттік органдардың интранет-порталының
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қатысушылардың
арасындағы өзара іс-қимылы

      6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган, соның ішінде келесі орындаушылармен мемлекеттік органдарда МО БКО, МО КО, МО ИП бағдарламалық-аппараттық кешенін сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау бойынша шарттық қатынастар жасайды:
      1) МО ИП пайдаланушыларын қолдау әкімшісі;
      2) МО ИП серверлерінің әкімшісі;
      3) МО БКО әкімшісі;
      4) МО КО әкімшісі.
      7. МО ИП-ың, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының, МО КО-ның жұмыс істеуі және МО ИП-ға қатысушылардың тізбесі мен олардың міндеттері және жауапкершілігі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындауға тапсырыс беруші мемлекеттік органдар және пайдаланушы ұйым (орындаушы ұйымдар) арасындағы шарттарға сәйкес айқындалады және ақпараттық қауіпсіздік талаптары орындала отырып жүзеге асырылады.
      8. Пайдаланушыларды қолдау әкімшісі МО ИП бағдарламалық кешенді сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды орындаудың көпжақты жылдық
жоспар-кестелерін әзірлейді және МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету үдерісінің барлық қатысушыларымен келіседі.
      9. МО ИП қатысушысы МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз етудің шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органның ғимаратында тиісті қызметтердің әкімшісімен қолжетімділікті қамтамасыз етеді және ведомствода МО ИП жұмыс істеу жұмыстарын үйлестіру үшін жауапты қызметкерді анықтау қажет.
      10. МО ИП қатысушысы МО ИП пайдаланушыларын қолдау әкімшісіне мынадай құрамда жұмыс орынын ұсынады:
      1) МО ИП жергілікті есептеу желісіне қосылған және мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы (бұдан әрі - МО БКО) арқылы МО ИП, ЭҚАБЖ және МО КО-на қолжетімділігі бар компьютер;
      2) телефон;
      3) үстел;
      4) орындық.
      11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асырады:
      1) МО ИП қатысушыларының тізімін бекіту және жаңарту;
      2) МО ИП жұмыстарды ұйымдастыру үшін талаптарды әзірлеу;
      3) МО ИП телекоммуникациялық, аппараттық және лицензиялық бағдарламалық жабдықтау.
      12. Пайдаланушыларды қолдаудың әкімшісі Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін МО ИП сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді.
      13. МО ИП қатысушысы МО ИП жұмыс істеу мәселелері жөнінде МО ИП пайдаланушыларын қолдау қызметіне телефон, электрондық пошта бойынша тапсырыс береді.
      14. МО ИП жұмыс істеу мәселелері бойынша МО ИП қатысушысынан тапсырыстар МО ИП пайдаланушыларын қолдау қызметінде тіркеледі және тиісті қызметтердің әкімшілеріне орындау үшін жолданады.
      15. МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтердің әкімшілері өтініштерге жедел ден қоюды жүзеге асырады.
      16. МО ИП пайдаланушыларын қолдау қызметі өтініштің орындалу  жай-күйі туралы өтініш берушіге телефон немесе электрондық пошта бойынша хабарлайды.
      17. МО ИП жұмыс істеуін тоқтатуға немесе жұмыс істеу шарттарын өзгертуге әсер ететін жоспарлы және жоспардан тыс профилактикалық жұмыстарды орындау қажетттілігі жағдайында (электр қорегінің ажыратылуы, телекоммуникациялық желілер бойынша жұмыстарды жүргізу, қайтадислокация) МО ИП жұмыс істеуін қамтамасыз ету үдерісіне қатысушысы үдеріске қалған мүдделі қатысушыларға жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат ішінде хабарлайды.
      18. МО ИП қатысушысы МО ИП пайдаланушыларын қолдау әкімшісіне, МО ИП серверлерінің әкімшісіне, МО БКО әкімшісіне, МО КО әкімшісіне пайдаланушылардың жұмыс станцияларына, желілік құрал-жабдықтарға, серверлік үй-жайға қолжетілімділікті қамтамасыз етеді.
      19. Пайдаланушыларды қолдау әкімшісі МО ИП қатысушысынан оқытуға тапсырыстарды беруі бойынша МО ИП-да жұмыс істеуге жаңа пайдаланушыларды оқытуды жүргізеді.
      20. МО ИП қатысушысы МО ИП пайдаланушы болып табылатын жаңадан келген қызметкерге есептік жазбасын жүргізуге тапсырысты ресімдейді және МО ИП пайдаланушыларын қолдау қызметіне ұсынады.
      21. МО ИП қатысушысы сонымен қатар МО ИП анықтамалығында өзінің ведомствосы қызметкерлерінің тізімін уақтылы өзектілеуді жүргізеді.
      22. МО ИП қатысушысы пайдаланушылармен – өз ведомствосының қызметкерлерімен МО ИП пайдалану мониторингін жүргізеді.
      23. Пайдаланушыларды қолдау әкімшісі МО ИП қатысушының сұрау салуы бойынша МО ИП жұмыс құжаттамаларын ұсынады.
      24. Пайдаланушыларды қолдау әкімшісі МО ИП жұмыс істеуі көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді, талдауды жүзеге асырады, тәуекелдерді анықтайды және оларды ескерту жөніндегі ұсынысты енгізеді.

3. МО ИП-нің серверлік жабдықтарын әкімшілендіру

      25. МО ИП серверлерінің әкімшісі Астана уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейінгі режимде МО ИП серверлік жабдықтарын және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің әкімшілендірілуін орындайды, сондай-ақ жылына тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн режимінде МО ИП серверлік жабдықтарына және жүйелік бағдарламаны қамтамасыз етуге мониторингті және бақылауды жүргізеді.
      26. МО ИП серверлерінің әкімшісі МО ИП-нің жұмыс істеуі мәселелері бойынша түскен тапсырыстарға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.
      27. МО ИП серверлерінің әкімшісі профилактикалық іс-шараларды жүргізеді және МО ИП серверлік жабдықтарында жұмыс істеудің сенімділігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды.
      28. МО ИП серверлерінің әкімшісі техникалық қолдауға және МО пайдаланушыларының жұмыс станцияларына жауапты МО қызметкеріне МО ИП жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істемеуін және техникалық жабдықтардың жарамсыздығы туралы Support_IPGO@nitec.kz мекенжайына электрондық поштасы бойынша хабарлайды.
      29. МО ИП серверлерінің әкімшісі МО ИП операциялық жүйесінің, деректер қорын және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің резервтік көшірмесін орындайды.
      30. МО ИП серверлерінің әкімшісі мониторингтің нәтижесінде анықталған осалдықтарды уақтылы жояды.

4. МО ИП пайдаланушыларының жұмыс станцияларын және
мемлекеттік органның жергілікті есептеу желісін әкімшілендіру

      31. МО ИП пайдаланушыларының жұмыс станцияларына және мемлекеттік органның жергілікті есептеу желісіне талаптар осы Нұсқаулықтың Қосымшасында келтірілген.
      32. МО ИП қатысушысы МО ИП жұмыс істеуін қолдайтын жергілікті есептеу желісінің жұмысын тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн режимінде электр қоректі қамтамасыз етеді.
      33. МО ИП қатысушысы МО ИП пайдаланушыларының жұмыс станцияларына жүйелік қызмет көрсетуді орындайды.
      34. МО ИП қатысушысы МО ИП пайдаланушылардың жұмыс станцияларының вирусқа қарсы қорғауышын қамтамасыз етеді.

5. БКО-ның және МО КО жұмыс істеуі

      35. МО БКО-ға қосылу үшін МО ИП қатысушысы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органына жүгінеді.
      36. МО БКО-ға МО ИП қатысушысын қосу ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша МО БКО әкімшісімен жүзеге асырылады.
      37. МО БКО әкімшісі келесі функцияларды:
      1) тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн режимінде МО БКО-ның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
      2) МО БКО арқылы МО ИП-на қолжетімділікті қамтамасыз етуді;
      3) МО БКО жұмыс істеуінің мәселелері бойынша тапсырыстарға шұғыл әрекет етуді орындайды.
      38. МО КО әкімшісі келесі функцияларды орындайды:
      1) тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн режимінде МО КО серверлерінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
      2) МО КО серверлерінің жұмыс жасауын мониторингі;
      3) регламенттелетін құжаттарға сәйкес тіркеу куәліктерін тіркеу, беру, кері шақыру (жою);
      4) МО КО пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету.

6. МО бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту

      39. МО ИП қатысушы МО ИП пайдаланушыларды қолдау әкімшісіне МО ИП бағдарламалық қамтамасыз етуін дамыту жөніндегі ұсыныстарды қарауға енгізуі мүмкін.
      МО ИП бағдарламалық қамтамасыз етуін дамыту жөніндегі ұсыныстар өзгерістің негіздемесін міндетті көрсетумен МО ИП пайдаланушыларды қолдау қызметі арқылы жазбаша түрде енгізілуі мүмкін.
      40. Пайдаланушыларды қолдау әкімшісі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп МО ИП қолдану мүмкіндігі бөлігінде құжаттандыру және құжаттаманы басқару мәнінің мақсаттылығына және сәйкестігіне, сондай-ақ бұрын ұсынылған ұсыныстармен қайшы болмауына МО ИП бағдарламалық қамтамасыз етуді дамыту бойынша ұсыныстарды қарайды және талдайды.
      41. МО ИП пайдаланушыларды қолдау қызметі қарау ұсыныстары туралы МО ИП қатысушысына жазбаша немесе басқа байланыс құралдармен хабарлайды.

Мемлекеттік органдардың 
интранет-порталында жұмыс
істеуін қамтамасыз ету 
жөніндегі нұсқаулығына
қосымша      

1. МО ИП пайдаланушыларының жұмыс станцияларына және
мемлекеттік органның жергілікті есептеу желісіне талаптар

      1. МО ИП қатысушымен МО ИП жұмыс істеуінің техникалық шартына:
      1) МО ИП пайдаланушыларын келесі аппараттық сипаттамалармен және белгіленген бағдарламалық қамтамасыз етумен мынадай компьютерлерімен қамтамасыз ету:
      Microsoft Windows XP операциялық жүйесі;
      Internet Explorer 8.0, Mozilla Firefox 11.0, Opera 9.8, Google Chrome 18.0 кем емес нұсқасымен браузерлердің біреуі;
      вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету;
      40 Гб кем емес көлемдегі қатты дискі;
      процессор, оның жиілігі 3 ГГц кем емес;
      оперативтік зерде, оның көлемдегі 512 Мб кем емес;
      үздіксіз қорек көзі.
      2) пайдаланушының компьютерінің МО ИП, ЭҚАБЖ қосылғаны;
      3) IP адресі мен домендік атаулары бойынша МО БКО тораптарында МО ИП ресурстарына мемлекеттік органдардың жергілікті есептеу желісінен қолжетімділікті ұсыну мынадай талаптарға сәйкес:
      бөлінген желілер бойынша немесе оптикалық арналар бойынша МО БКО қосылғаны;
      барлық жұмыс станцияларында желілік күйге келтіруге шлюзді (Gateway) анықтау;
      барлық жұмыс станцияларында ДНС серверін желілік күйге келтіруді анықтау;
      ақпараттарды (свитч, хаб және тағы басқа) берудің кез келген құрылғыларын пайдаланусыз мемлекеттік органдардың жергілікті есептеу желісінің (шлюз) және МО БКО жабдықтарын қосу.
      шлюздің функциясына орындайтын мемлекеттік органның жабдығына МО БКО жабдықтарын қосу үшін FastEthernet 10/100 Мбит/сек бос портының болуы.
      2. МО ИП құжаттарға қол қою функциялары бар пайдаланушылардың жұмыс орындарына:
      МО БКО арқылы МО КО жұмыс станцияларына қолжетімділіктің болуы;
      МО КО берілген кілттік ақпаратты тасығыштарында тіркеу куәліктерінің бар болуы кіреді.