"Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 851 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына (бұдан әрі – Cтандарттар) және осы Ережеге сәйкес жүргізілуі тиіс.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Уәкілетті органның бақылау іс-шараларының жоспары жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі және күнтізбелік үш күн ішінде ішкі бақылау қызметтеріне жіберіледі».
      Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының жоспары уәкілетті органның жоспарын ескере отырып, жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекітіледі.
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес шығарылған құқық қорғау органдарының тексеру жүргізу және (немесе) маман тарту туралы қаулылары келіп түскен жағдайда жоспардан тыс бақылау тағайындалады және (немесе) бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс бақылау жүргізу және (немесе) қорытынды беру үшін осы құқық қорғау органдарының қарамағына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы саласында арнайы білімі бар ревизор жіберіледі.
      Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне тексеру жүргізу туралы өкілеттік шеңберінде шығарылған құқық қорғау органдарының өтініштері (сауалдары) келіп түскен жағдайда, жоспардан тыс тақырыптық бақылау тағайындалады.
      Жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша жоспардан тыс бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің ревизоры бақылау объектісінде бақылауды Ереже мен Cтандарттарға сәйкес жүзеге асырады.»;
      12-тармақтың 3-бөлігі алып тасталсын;
      14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бақылау жүргізу мерзімі басталғанға дейін ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның ішкі бақылау қызметінің басшысы бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамның ұсынысы бойынша ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органның және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның ішкі бақылау қызметінің басшысы бақылау жүргізу процесінде өзгертетін немесе толықтыратын бақылау жүргізу жоспарын бекітеді.
      15. Бақылау бағдарламасын ішкі бақылау органының бақылау жүргізу үшін жауапты лауазымды тұлғасы немесе бақылау органы бөлімшесінің басшысы бекітеді және бақылау объектісіндегі бұзушылықтар туралы қосымша алынған ақпараттың негізінде олар орын алған нақты кезеңді және бұзушылықтардың жалпы сомасын анықтау үшін бақылау жүргізу процесінде өзгеріске және (немесе) толықтыруға ұшырайды.»;
      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бақылау объектісінің басшысына бақылауды тағайындау туралы бұйрықты ұсынады, онда бақылау мақсаты, уақыты, ұзақтығы көрсетіледі»;
      17-тармақтағы:
      3) тармақшадағы «жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асырады;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтарды анықтаған кезде Бұзушылықтар сыныптауышын басшылыққа алады.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Бақылау объектісінің басшысы мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен, бақылауды жүзеге асыруға қажетті барлық сұрау салынған ақпаратпен қамтамасыз етеді, оның дұрыстығы, объективтілігі және толықтығы үшін дербес жауап береді; мемлекеттік қаржылық бақылау органы қызметкерлерінің іс-қимылына араласпайды, бақылау жүргізуге кедергі жасамайды және оның ауқымын шектемейді; бақылау органдарының жоғары тұрған лауазымды адамдарының объективті және толық бақылау жүргізуі мақсатында бақылау объектісінде жүріп қызметкерлерді жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыруына кедергі жасамайды, мемлекеттік қаржылық бақылау тексерушілеріне кедергі жасаған жағдайда бақылау объектісінің басшысына заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілік жүктеледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ревизор Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бақылау актісін жасайды, Ережеге 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру тобының мүшесі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) ревизор (тексеруші топтың мүшелері) қол қояды және әр парағын дәйектейді.
      Бірлескен бақылау жүргізілген жағдайда, бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) даналар санын ревизор айқындайды.
      Бақылау іс-шарасы аяқталғанға дейін бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) бір данасы бақылау объектісінің басшысына танысу үшін беріледі, бұл ретте тексерушінің қатысуымен бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына оны алған күнді тіркей отырып белгі қояды.
      Бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижесімен танысуға берілген күннен бастап үш күн ішінде бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына қол қояды және әр парағын дәйектейді.
      Бақылау объектісі басшысының бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоймауы бақылау материалдарын одан әрі іске асыруға кедергі болып табылмайды.
      Бақылау объектісінің басшысы бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қойылғаннан кейін он күн ішінде ішкі бақылау органына бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық жібереді.»;
      мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «23-1. Ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары тиімділікті бақылауды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін бағалауды жүргізу, нәтижелілік, бюджеттік бағдарламалар тиімділігі көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесін және оларды өлшеудің дұрыстығын талдау негізінде, сондай-ақ сәйкестік пен қаржылық есептілік тұрғысынан бақылау негізінде жүзеге асырылады.
      Тиімділікті бақылауды жүргізу кезінде тексерушілер бюджет жүйесінің нәтижелілік және тиімділік принциптерін басшылыққа алуы тиіс.
      23-2. Сонымен қатар ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржылық-экономикалық негіздемеге сәйкестігіне бақылау жүргізу кезінде жүргізілген инвестицияларға сәйкес тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне, бюджеттік инвестициялар мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуіне, жүргізілген инвестициялар нәтижесінде қол жеткізілген сапа мен тиімділік көрсеткіштеріне баға береді.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және өзге де заңнамасын бұзушылықтар, бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін міндетті ұсыну жібереді.
      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және өзге де заңнамаларын бұзушылықтар, бақылау объектісінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның басшысына нақты кезеңдегі бақылау объектісінде анықталған бұзушылықтар, жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қамтитын ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті енгізеді.
      Есепті қарау нәтижелері бойынша ішкі бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау объектісінің жұмысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ онда қамтылған бақылау объектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсынымдарды орындау үшін міндетті ұсыну жобасын енгізеді.
      Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есеп пен ұсыну жобасын береді.
      Ұсынуда анықталған бұзушылықтарды, заңнаманы бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, сондай-ақ бақылау объектісінің бұзушылықтарды жасауға кінәлі тұлғаларына шаралар қолдану туралы міндетті талаптар болуға тиіс.
      Ұсынуда жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар баяндалуы тиіс.
      Бақылау объектісіне берілген ұсынымдар бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезіндегі түсімдер бойынша міндеттемелерді (салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді бюджетке аудару жөніндегі міндеттемелерді) орындау бойынша бұзушылықтарды жою және келешекте жол бермеу, бюджеттік рәсімдер мен мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының рәсімдерін орындаудың белгіленген мерзімдерін, тәртібін сақтау бөлігінде бухгалтерлік есепті жүргізумен қаржылық есептілікті жасау, ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, персоналды басқарудың ішкі жүйелерін жетілдіру, бақылау объектісі қызметінің нақты бағыттарының және басқалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтуға тиіс.
      Қолданылуы тоқтатылғанға дейін ұсыну осы ұсынуды шығарған уәкілетті орган немесе мемлекеттік орган, одан жоғары тұрған мемлекеттік орган не сот тоқтата тұруы, өзгертуі не күшін жоюы мүмкін.
      Бақылау объектісі шағымданған жағдайда уәкілетті орган (мемлекеттік орган) жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа енгізген ұсыну осы ұсынудың күшін жою немесе өзгерту туралы тиісті шешім қабылданғанға дейін қолданылуы тоқтатыла тұрады.
      Ұсыну Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жасалады.»;
      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды;»
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері бюджетті жоспарлау бөлігінде бюджет заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы ақпаратты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісінше жұмыста басшылыққа алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өткізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы тоқсан сайын және тиісті қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жиынтық есептер тапсырады.»;
      мынадай мазмұндағы 39-тармақпен толықтырылсын:
      «39. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала және астана бюджеттерінен қаржыландырылатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтар сомасының бюджетке өтелуінің жай-күйін бақылау үшін тоқсан сайын және тиісінше тиісті қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға және оның аумақтық бөлімшелеріне бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізілген бақылау іс-шаралары мен олар бойынша қолданылған шаралар жөніндегі есептер мен ақпаратты ұсынады.»;
      Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      Ережеге 2-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бақылау актісі»
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. * Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (игермеу және кассалық шығыстардың іс жүзіндегі шығыстардан ауытқу себептерін көрсете отырып) немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау нәтижелері, Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын талдау. Бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және нақтылау туралы ақпарат (бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды бақылау кезінде).»;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: * мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарын орындау мәселелері бойынша тақырыптық бақылау жүргізу жағдайларын қоспағанда, 8-тармақ тақырыптық бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша тақырыптық бақылау жүргізу кезінде толтырылмайды.»;
      Ережеге 2-1-қосымшада:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8.* Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарын (игермеу және кассалық шығыстардың іс жүзіндегі шығыстардан ауытқу себептерін көрсете отырып) немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау нәтижелері. Бюджетті әзірлеу, бекіту, атқару және нақтылау туралы ақпарат (бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды бақылау кезінде).»;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе: * мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарын немесе мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарын орындау мәселелері бойынша тақырыптық бақылау жүргізу жағдайларын қоспағанда, 8-тармақ тақырыптық бақылау жүргізу кезінде толтырылмайды.»;
      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 851 қаулысына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасында
республикалық және жергілікті
деңгейлерде ішкі мемлекеттік
қаржылық бақылауды жүзеге
асыру ережесіне
1-қосымша

Бақылау тағайындау туралы бұйрықтың үлгі нысаны

200 __ жылғы ____________ № _____________

Бақылау тағайындау туралы
_____________________________________________________________сәйкес
(құқықтық негіздері – ішкі бақылау органының құзыреті)

БҰЙЫРАМЫН:

      1. _______________________________________ бақылау жүргізу үшін (бақылау объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), бақылау объектісі басшысының аты-жөні (орталық мемлекеттік органдар "СТН", "ЖСН", "БСН" деректемелерін толтырмайды)
_________________________________________________________жіберілсін.
(тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың аты-жөні)

      2. 20 __ жылғы "__ " _____ бастап 200 __ жылғы "__" ________
дейінгі кезең үшін _________________________________________________.
      (үстеме немесе тақырыптық бақылауды жүргізу кезіндегі мәселелер)
_________________ бақылау жүргізілсін.
(бақылау түрі)

      3. Бақылау жүргізуге 20 __ жылғы "__" _______ бастап кіріссін 20 __ жылғы "__" _____ дейін аяқтасын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау:___________________________
      (аты-жөні, лауазымы)
жүктелсін.
Негізі: _____________________________________________________________
      (жоғары тұрған органдардың тапсырмалары, тиісті жылға арналған
      бақылау іс-шараларының жоспары, құқық қорғау органдарының
      қаулылары және басқалар)

      Ішкі бақылау органының басшысы/
      орталық мемлекеттік органның немесе
      облыстық бюджеттен, республикалық
      маңызы бар қала, астана бюджетінен
      қаржыландырылатын атқарушы органның
      бірінші басшысы ___________ _______________
      (қолы) (аты-жөні)
      М.О.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 851 қаулысына  
2-қосымша       

Қазақстан Республикасында
республикалық және   
жергілікті деңгейлерде ішкі
мемлекеттік қаржылық   
бақылауды жүзеге асыру  
ережесіне        
5-қосымша        

________________________________
(бақылау объектісінің немесе оның
құрылымдық бөлімшесінің атауы)
________________________________
(басшысының аты-жөні)

Үлгі нысан Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларға ықпал еткен себептер
мен жағдайларды жоюға ұсыну

      Жүргізілген __________ бақылау арқылы ________________________,
                (бақылау түрі)           (бақылау объектісінің атауы)
      "__"______________ 201_ жылғы бақылау актісі, _____________ теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
_____________________________________________________________________
(бұзылған нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып барлық фактілерді тізіп көрсету)
      Олардың ішінен _____ теңге бюджетке өтелуге (аударылуға), ______ теңге дебиторлық берешекті өтеу есебінен бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өнім берушілері орындауға, тауарларды жеткізуге тиіс.
      Сомасы ______ теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтар анықталды, оның конкурс қорытындысына әсер еткені _____ теңге, оның ішінде:
_____________________________________________________________________
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларының барлық бұзушылық фактілерін тізе отырып мемлекеттік сатып алуды көрсету)
      Бақылау барысында _________________________________
                         (қабылданған шараларды көрсету)
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесінің 25-тармағына сәйкес ҰСЫНАМЫН:
      1. Анықталған бұзушылықтарды толық жою және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгіленген тәртіппен қарау бойынша шаралар қабылдансын, оның ішінде:
      - _________ теңге мөлшеріндегі ________________(бұзушылық фактілерін сипаттап жазу) сомасы бюджетке БСК-ға ___________ өтелсін (аударылсын);
      - _________ теңге мөлшеріндегі ________________(бұзушылық фактілерін сипаттап жазу) сомасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша қалпына келтірілсін;
      - ___________________________________________________________
      (жасасқан шарттар шеңберіндегі тауарлар атауы) жеткізілуі қамтамасыз етілсін, __________________(жұмыстар мен көрсетілген қызметтер атауы) орындалуы қамтамасыз етілсін;
      - мемлекеттік сатып алуды бұзушылықтар бойынша өткізілген тәсіліне сәйкес нақты сатып алу бойынша бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін қажетті шараларды көрсету.
      2. Бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында мынадай ұсынымдар беріледі:
      - _____________________________________________________________
      (жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол беруге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін қажетті барлық іс-шараларды атап көрсету).
      3. Ұсынуды орындау және қабылданған шаралар туралы растау құжаттарын (төлем тапсырмаларының, бұйрықтарының және т.б. көшірмелері) қоса бере отырып 201_ жылғы "__" ___________ дейінгі мерзімде хабардар етсін.
      4. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 146-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес бақылау объектісінің басшысы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ұсынуында көрсетiлген кемшiлiктердi толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы табыс етiп отыруға міндетті екендігін Сізге хабарлаймын. Осы ұсынуды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда жауапты лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 356-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі
      уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі
      органның басшысы
      /мемлекеттік органның басшысы_________ _____________________
                                      қолы)           (Т.А.Ә.)
                            МО