Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 849 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 28 ақпандағы № 71 бұйрығын қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. МӘСІМОВ.


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 849 қаулысымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, тұрақты емес конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу жөніндегі айналымына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Р/с №

Салық төлеуші

1

"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." қазақстандық филиалы