Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 2 маусымдағы
№ 734 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы (бұдан әрі – Қызыл кітап) Қазақстан Республикасының аумағындағы өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерінің жай-күйі туралы мәліметтер жиынтығын, оларды зерттеу, қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану жөнiндегi қажетті шараларды қамтитын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің түрлі-түсті суреттермен безендірілген басылымы болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтағы қайраңында және айырықша экономикалық аймағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін өсімдіктер (сабақты және аласа) мен жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) (бұдан әрі – өсімдіктер мен жануарлар түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қызыл кiтапқа енгiзiледi.
      4. Саны және орнықты өмір сүру жағдайлары олардың өсiмiн молайтуға және табиғи еркiндiк жағдайында тектік қорын сақтауға қатер төндірмейтін шекке дейін қалпына келтірілген өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi (қосымша түрлерi, таралымдары) осы Қағиадаларда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабынан алып тастауға жатады.

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргізу тәртібі

      5. Қызыл кiтап екi томнан тұрады: жануарлар (1-том) және өсiмдiктер (2-том). Әрбір том бiр кiтап немесе бiрнеше бөлiк (бөлiмдер топтары немесе жеке бөлiмдер бойынша) түрiнде шығарылады.
      6. Қызыл кiтапқа енгізілген өсiмдiктер мен жануарлардың әрбір түрi (қосымша түрлері, таралымдары) үшін мынадай негізгі мәліметтер келтіріледі:
      1) түрдiң (қосымша түрдің, таралымның) мемлекеттік, орыс және латын тiлдерiндегi атауы;
      2) мәртебесi;
      3) сыртқы түрiнiң бейнесі;
      4) картаға түсiрiлген Қазақстан Республикасында бұдан бұрын және қазiргi таралуы;
      5) саны және оның өзгеру үрдiсi;
      6) мекендеу орындары, лимиттеудiң негізгі факторлары және саны мен таралу аймағының өзгеру себептерi;
      7) биологиясының ерекшеліктері, қолда өсіру мүмкіндігі туралы мәліметтер;
      8) қабылданған және қажетті қорғау шаралары;
      9) зерттеу бойынша ұсыныстар;
      10) ақпарат көздерi.
      Қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ағзасының дамуына тән жас және маусымдық ерекшелiктерiнің бейнесі (құрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсiмдiк бөлiктерi) және басқа да деректер келтірiледi.
      7. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін Қызыл кiтапқа енгізу және одан шығару жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар (бұдан әрі – комиссиялар) құрылады.
      8. Комиссиялардың құрамы мен ережелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.
      9. Өсiмдiктер мен жануарлардың таралуы, мекендеу орындары, тіршілік ету салты, биологиясы, саны, лимиттеу факторлары туралы, мекендеу жағдайларының өзгеруі туралы, сондай-ақ өлім-жітімге ұшырау, ауру жағдайлары туралы мәліметтерді жинау мен талдауды өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілері жай-күйінің ғылыми зерттеулері мен мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы қамтамасыз етеді.
      10. Өсiмдiктер мен жануарлар түрлері туралы мәліметтер жинауды ғылым саласындағы уәкілетті органның мамандандырылған ғылыми ұйымдары, өздерінің қызмет түрі бойынша өсiмдiктер мен жануарлар дүниесінің түрлерін зерттеумен және қорғаумен байланысты жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
      Бұл орайда анықталған өсiмдiктер мен жануарлар түрлері (қосымша түрлері, таралымдары) санының қысқаруы, олардың таралу аймағының азаюы, оларды қорғау жөнінде шаралар қолдану қажеттігіне айғақ болатын тіршілік ету жағдайларының жайсыз өзгерістері туралы деректер уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.
      11. Уәкілетті органның ведомствосы алынған деректерді комиссиялардың өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) Қызыл кітапқа енгізу немесе одан алып тастау туралы ұсыныстар әзірлеуі үшін олардың қарауына жіберу туралы бір ай мерзім ішінде шешім қабылдайды.
      12. Комиссиялар уәкілетті органға өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) Қызыл кітапқа енгізу немесе одан алып тастау туралы ұсыныстар енгізеді.
      13. Уәкілетті орган комиссиялардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына өсiмдiктер мен жануарлар түрлерін (қосымша түрлерін, таралымдарын) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесіне енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын енгізеді.
      14. Қызыл кітапты жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражатының және Қазақстан Республикасының заңнамасы тыйым салмаған көздер есебінен жүзеге асырады.
      15. Қызыл кітап мемлекеттік және орыс тілдерінде шығарылады, сондай-ақ кез келген басқа тілде шығарылуы мүмкін.
      16. Қызыл кiтап түпнұсқасының күшi бiрдей үш данада дайындалады, бұл ретте: екі данасы – уәкілеттi органның ведомствосында, үшiншiсi – ғылым саласындағы уәкiлеттi органда болады.
      Қызыл кітапқа толықтырулар мен өзгерістер бір мезгілде үш данаға енгізіледі. Қалған даналардың барлығы Қызыл кітаптың телнұсқалары болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар қайта басып шығаруы мүмкін.
      Қызыл кітап он жылда бір рет кезеңділікпен қайта басылады.
      17. Қызыл кітапқа енгізілген өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің түрлі-түсті суреттері берілген тізбелері ресми жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.