Еркін қойма аумағында өндірілген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізілетін тауарларды, еркін қойма аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма иесі өткізетін тауарларды жеткілікті қайта өң

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 587 Қаулысы

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 15 ақпандағы Заңына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" 2011 жылғы 29 қарашадағы № 668 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-164 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 қаңтарда "Арна" газетінде жарияланған)  келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғары аталған қаулының қосымшасы:
      келесі мазмұндағы 18-тармағымен толықтырылсын:
      "18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ В. Панин