Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2013 № 407 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 476 қаулысымен
бекітілген
Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына
қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды
іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссияның
құрамы
Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы орынбасары, төраға
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі,
Болат Бидахметұлы төрағаның орынбасары
Шайназарова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Шолпан Болатқызы Қаржылық бақылау комитеті төрағасының
орынбасары, хатшы
Кравченко - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Андрей Николаевич орынбасары (келісім бойынша)
Қосжанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Бақытбек Жамалбекұлы комитетінің Департамент бастығы (келісім
бойынша)
Қасымбек - Қазақстан Республикасы Көлік және
Жеңіс Махмұдұлы коммуникация министрлігінің жауапты
хатшысы
Сафинов - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Қанатбек Бейсенбекұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Рау - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Мәдина Ерасылқызы және сауда вице-министрі
Әбденов - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші
Серік Сақбалдыұлы орынбасары
Тұрғанов - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсенбай Нұрбайұлы
Қожағапанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Ерлан Тоқтарханұлы
Кемелова - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Роза Кеңесқызы
Бекенов - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Қайрат Әскербекұлы орынбасары
Көлгінов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Алтай Сейдірұлы
Нұрғалиева - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Халила Хабижанқызы
Тұяқбаев - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сапарбек Құрақбайұлы орынбасары
Квятковский - Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Эдуард Олегович
Дәрібаев - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Аманкелдіұлы
Шорманов - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ербол Әлімқұлұлы
Сәдібеков - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Ғани Қалыбайұлы
Алпамысов - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Абай Әбдісәметұлы
Әбдіров - Атырау облысы әкімінің орынбасары
Асқар Аманғалиұлы
Ахметжанов - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Әнуар Мұратұлы
Тұрдалиев - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Серік Мелісұлы
Еламанов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Жанат Қалдыбекұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (Қаржы полициясы)
Экономикалық және қаржылық қылмыстарды
ашу департаментінің бастығы (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 476 қаулысымен
бекітілген
Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына
қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды
іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеті мен функциясы
3. Комиссияның негізгі міндеті мен функциясы:
1) республикалық және жергілікті бюджеттерден, Ұлттық қордан бөлінген және шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
2) шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірлескен бақылау іс-шараларын жоспарлау және қызметін үйлестіру;
3) жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатын пайдалану тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарымен қоса бақылау іс-шараларының нәтижелерін қарау;
4) жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриалдық-инновациялық жобаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйін бағалау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) отырыстарда шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдерін тыңдауға;
2) Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
3) шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы жобалардың іске асырылуын бағалау үшін мүдделі мемлекеттік органдардан мамандар, консультанттар тартуға;
4) жоспардан тыс бақылау іс-шараларын бастама жасау жөнінде ұсыныс енгізуге;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялдық-инновациялық жобаларды іске асыру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін тиісті органдар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту туралы ұсынымдарды енгізуге құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және шешімдерді іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін және Комиссия шығаратын шешімдер үшін жеке жауапкершілікте болады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жұмыс органының функциясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктеледі.
7. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және мәжілістен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін кемінде үш жұмыс күні ішінде Комиссияның әрбір мүшесінің назарына жеткізіледі.
10. Комиссия отырыстары қажет болған жағдайда, бірақ бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.
11. Комиссия шешімдері Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелері айрықша пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға тіркелуге тиіс.
12. Комиссия шешімі ұсынымдық сипатта болады.
13. Комиссия отырыстарының өту нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.