"Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикас

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 407 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оның инфрақұрылымына қызмет көрсету саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталған қаржы қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 476 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов