Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 137-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.
      2. "Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 13, 167-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 381 қаулысымен    
бекітілген      

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және
оның мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидалары және оның мөлшері (бұдан әрi – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес әзірленген және патронат тәрбиешiлерге берiлген балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру тәртiбi мен мөлшерiн айқындайды.
      2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымындағы, медициналық немесе өзге де ұйымдағы балаларға белгіленеді.

2. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу тәртiбi

      3. Патронаттық тәрбиелеу белгіленген жағдайда патронат тәрбиеші ақша қаражатын тағайындау туралы жазбаша өтінішпен және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттармен бала (балалар) есебінде тұрған қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрi – орган) жүгінеді.
      4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшiн патронат тәрбиешi баланың тұрғылықты жерi бойынша органға:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiшті;
      2) баланың (балалардың) бiлiм беру ұйымында білім алатыны туралы анықтаманы;
      3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты ұсынады.
      5. Орган патронат тәрбиешінің баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын алуға құқығын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде тексереді.
      Тексеру қорытындысы бойынша орган осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес патронат тәрбиешілерге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, ол тіркеу журналына тіркеледі.
      Білім беру ұйымдарында, медициналық немесе басқа ұйымда мемлекет толық қамтамасыз ететін қамқорлықтағы балаларға ақша қаражаты тағайындалмайды.
      6. Патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын тағайындау туралы шешімнің негізінде орган бес жұмыс күні ішінде патронат тәрбиешілерге ақша қаражатын төлеуді жүргізеді.
      7. Патронаттық тәрбиедегі балаға (балаларға) бөлінетін ақша қаражатын төлеудi мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол қамқорлықтағы бала 18 жасқа толғанға дейiн патронат тәрбиешiге тағайындалады және төленедi.
      8. Патронат тәрбиешіге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді орган патронат тәрбиеші мен орган арасында жасалатын баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың негізінде ақша қаражатын тағайындау туралы шешім шыққан күннен бастап ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей ай сайын жүргізеді.
      9. Патронат тәрбиешiге баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:
      1) қамқорлықтағы баланың кәмелетке толуы;
      2) қамқорлықтағы баланың жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, стационар үлгісіндегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттік қамтамасыз етуге орналасуы;
      3) қамқорлықтағы баланы асырап алу;
      4) патронат тәрбиешiнiң өз мiндеттерiн атқарудан шеттетілуі;
      5) шарт мерзiмiнiң өтуi немесе оның мерзiмiнен бұрын бұзылуы.
      10. Патронат тәрбиешіге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді тоқтату органның шешiмi бойынша, төлеудi тоқтатуға әкеп соқтырған мән-жайлар туындаған айдан кейiнгi айдан бастап жүргiзiледi.
      11. Орган шешiм қабылданған күнiнен бастап бір ай мерзiмде патронат тәрбиешіні ақша қаражатын төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
      12. Органның кiнәсiнен патронат тәрбиешi уақтылы алмаған ақша қаражаты, егер ол үшiн өтiнiш қамқорлықтағы бала он сегіз жасқа толғанға дейiн берiлсе, органға өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.
      13. Патронаттағы балаға (балаларға) ақша қаражатын тағайындау және төлеу бойынша құжаттар органда қамқорлықтағы балалардың жеке істерінде сақталады.
      14. Патронат тәрбиеші шығыстарды есепке алуды ақша қаражатының кірісі және шығысы бойынша жазбалар түрінде жүргізеді.

3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу мөлшері

      15. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеу ай сайын мынадай мөлшерде жүргiзiледi:
      1) мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану – 6 айлық есептiк көрсеткiш;
      2) мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану – 7 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы – 3 айлық есептiк көрсеткiш.
      16. Орган патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылауды жарты жылда кемінде 1 рет жүргізеді.

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы(балаларды)
күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді   
жүзеге асыру қағидаларына және оның мөлшеріне   
1-қосымша               

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшін өтініштің нысаны

            (орган атауы)
                         

Өтініш

Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар)
_________________________________________ күтіп-бағуға ақша қаражатын
  (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні)
тағайындауды сұраймын.
Патронат тәрбиешінің тегі __________________________________________
Аты _______________________Әкесінің аты_____________________________
Мекенжайы___________________________________________________________
Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақша қаражатын тағайындау туралы шешім ___________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________ 20__ ж. «___» __________
Патронат тәрбиешінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі
_____________________________________________
Сериясы _____________нөмірі ________________ кiм берген ____________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi __________________________________________
Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы _______________________
      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi.
20___ ж. «___» ________ _____________________
                       (өтiнiш берушiнiң қолы)
Құжаттар қабылданды: 20___ ж. «___» _________
_____________________________________________________ _____________
   (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)      (қолы)
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                          (қию сызығы)
      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы маған ескертiлдi.
      Құжаттары қоса берiлген азамат
____________________________________________________________ өтiнiшi
________ данада 20___ ж. «___» ____ № _____ қабылданды.
_____________________________________________________ ______________
   (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)       (қолы)

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді    
жүзеге асыру қағидаларына және оның мөлшеріне    
2-қосымша                        

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау (тағайындаудан бас тарту)
туралы шешім

20 ___ жылғы «___» ___________                            № ________

                               (орган атауы)       

Iстiң № ___________
Азамат ______________________________________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Өтiнiш берiлген күн _________________________________________________
Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)
Берiлген күнi _______________________ №_____________________
Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы________________________________________________
Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________
Баланың туған күні __________________________________________________
Баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт ____________________________________________________________________________________________
Қорытынды шығарылған күн 20__ ж. _________________

Тағайындалған ақша қаражатының сомасы
20__ ж. __________ бастап 20__ ж._________ аралығында
__________________ теңге ________________________________ сомасында
                                    (жазумен)

Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты тағайындалған ақша
қаражатының сомасы:
Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________
___________________________ бастап _______________________аралығында
___________ теңге _________________________________________ сомасында
                            (жазумен)
____________________________________________ себебі бойынша ақша
қаражатын тағайындаудан бас тартылды
_________________________________________ себебі бойынша ақша
қаражатының төленуі тоқтатылды

М.О.

           (Орган басшысы)    
   (қолы)           (Т.А.Ә.)