"Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1596 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.21 № 958 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 73-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1592 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Орман кодексі 73-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi іс-шараларды жүргізу тәртібін анықтайды.
      2. Ормандарды молықтыру және орман өсіру учаскелердің ықтимал орман өсіру жағдайларына, ағаш және бұта тұқымдылардың орман болып өсу қасиеттеріне сәйкес аймақтық-тұрпаттық негізде жүзеге асырылады және:
      1) орман ресурстарын орман өсіру, экологиялық және экономикалық тұрғыдан алғанда неғұрлым тиімді тәсілдермен молықтыруды;
      2) мемлекеттік орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды;
      3) ормандардың өнімділігі мен сапасын арттыруды;
      4) аумақтың оңтайлы мөлшерде орманды болуын қамтамасыз етуді;
      5) ормандардың ортаны қорғау және орта құру функцияларын орындау үшін олардың судан қорғау, қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық және басқа да пайдалы қасиеттерін арттыруды қамтамасыз етеді.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) агротехникалық күтім жасау – орман дақылдарына күтім жасау шаралары, бұл оларда шөп және ұсақ ағаш-бұта өсімдіктерінің өсуіне жол бермеуді және топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етуді қамтиды;
      2) аралас орман дақылдары – құрамында бірнеше ағаш тұқымдылары және/немесе бұталар бар орман дақылдары;
      3) бастапқы орман дақылдары – кескен кезде қажетті тұқымдылардың сенімді түрде жаңаруын қамтамасыз ету мақсатында кесерден бірнеше жыл бұрын өсіп тұрған орман қолтығында өсірілген дақылдар;
      4) кеспеағаш аймағы – ағаш кесудiң барлық түрi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
      5) орман дақылдарын, тұқымбақтарды, орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсуге қалдырылған алқаптарды түгендеу – ормандарды молықтыру мен орман өсіру, тұқымбақтарда көшеттік материал өсіру жөніндегі жұмыстардың тиімділігін анықтау;
      6) орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру - мемлекеттік орман иеленушісінің белгіленген сапа көрсеткіштеріне жеткен орман дақылдарын орман көмкерген жерлер санатына қосу туралы шешім қабылдауы;
      7) орман көмкермеген жерлер – ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, алаңқайлар, ағашы селдір жерлер;
      8) орман дақылдарының жерсінуі – орман дақылдарының бірінші және үшінші өсу жылының аяғында анықталатын тірі өсімдіктері бар отырғызу (екпе) орындарының дақылдардағы отырғызу (екпе) орындарының жалпы санына пайыздық арақатынасы;
      9) орман екпелерін қайта жаңарту – құндылығы шамалы немесе өнімділігі төмен екпелерді құнды және өнімділігі жоғары екпелерге ауыстыру;
      10) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу – шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардан орманның жаңа ұрпағының тез арада пайда болуы және сақталуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      11) орманды күтіп-баптау – орманды жарықтандыру және тазарту түрінде орман дақылдарына күтім жасау шаралары, бұл осы дақылдардың өсу жағдайларын жақсарту мақсатында оларды көлеңкелеп тұрған тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларының табиғи өскіндерін кесуді және (немесе) қалың екпелерді сиретуді қамтиды;
      12) орман дақылдарын техникалық қабылдау – мемлекеттік орман иеленушінің комиссиясы жүргізетін міндетті сипаттағы іс-шара;
      13) ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры (бұдан әрі - ОМОҚ) – орман дақылдарын алуға, орманның табиғи өсуіне және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізуге арналған мемлекеттік орман қорының жерлері. ОМОҚ мынадай санаттарға бөлінеді: орман дақылдары қоры, орманның табиғи жаңаруына арналған жерлер қоры және орман өсіруге арналған жерлер қоры;
      14) өздігінен өсіп-өну – табиғи түрде жаңарған орман ағаштары мен бұталардың өсімі;
      15) сүрекдің жасының сыныбы – тегіне байланысты сүрекдіңдердің жас құрылымының сипаттамасы үшін қолданылатын жас аралығы;
      16) сүрекдіңнің толымдылығы – нақты және қалыпты (стандартты кестелер бойынша оңтайлы толымдылығы 1,0) екпе ағаштар қималарының алаңдары сомаларының арақатынасымен айқындалатын салыстырмалы көрсеткіш. Жас ағаштарда ағаш шымылдығының толысу дәрежесі бойынша анықталады;
      17) таза дақылдар – қандай да бір тұқымдық дақылдар, солардың нәтижесінде осы тұқымдықтың таза екпесі пайда болуға тиіс;
      18) табиғи қалпына келу – орманның жаңа тобының табиғи жолмен түзілу процесі;
      19) тексеру кезеңі – орман шаруашылығын жүргізу үшін орман орналастыру жобасы әзірленген мерзім;
      20) тұқымдықтар (тұқымдандыру көздері) – жеке тұрған тұқымдық ағаштар немесе олардың тұқымдық топтары, орман учаскелері-тұқымдық шоқ ағаштар немесе орманның табиғи жаңаруын қамтамасыз ету үшін жақын орман учаскелерінен тұқымның басқа жаққа ұшып келуі мүмкін емес кеспеағаштарда қалдырылған орман учаскелері-тұқымдық жолақтар;
      21) ішінара орман дақылдары – дақылдар мен табиғи жаңарудан қалыптасатын екпелер.

2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі іс-шаралар жүргізу тәртібі

      4. Орман кодексінің 73-бабына сәйкес ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөнінде мемлекеттік орман қорында жүргізілетін жұмыс көлемі орман орналастыру және осы салада маманданған басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен (орман орналастыру жобасы) айқындалады.
      5. Ормандарды молықтыру көлемі орман орналастыру жобасында бүкіл тексеру мерзіміне көзделеді және кесу мен орманды молықтыру арасында алшақтыққа жол берілмейтіндей түрде жүргізіледі.
      6. Орман орналастыру жобаларында сондай-ақ орман көмкермеген жерлердегі барлық телімдерде (селдір ормандардан басқа), сонымен бірге тексеріс кезеңінің кеспеағаш қорын құрайтын телімдерде тағайындалатын орманды табиғи жаңартуды қоса алғанда, ормандарды молықтыру тәсілі көрсетіліп, ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар айқындалады.
      7. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру:
      1) орманның табиғи жаңаруы;
      2) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу;
      3) орман дақылдарын құру тәсілдерімен жүзеге асырылады.
      8. Таулы ормандардың орта және жоғарғы белдеулері аймағының тік беткейлерінде ормандарды молықтыру негізінен орманның табиғи жаңаруы немесе орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      9. Ал қалған табиғи аймақтарда табиғи жаңарудың нәтижелеріне және орманның табиғи жаңаруы немесе орман дақылдарын құру арқылы шаруашылықтың қарқынды жүргізілуіне байланысты болады.
      10. Рұқсат етілген шекті мерзім ішінде орманды шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдармен табиғи қалпына келтіру мүмкін болмайтын орман көмкермеген жерлерде орман дақылдары құрылады.
      11. Сүрекдіңдерді кесуден кейін бірден орман дақылдарын құру керек орман учаскелері орман орналастыру жобаларымен анықталады.
      12. Қалған алқаптарда ормандарды молықтыру мен орман өсіру қоры жерлерінің әрбір санаты үшін ормандарды молықтыру және орман өсірудің кезектілігі мен мерзімін мемлекеттік орман қорында болған өзгерістерді ескере отырып, орман орналастыру және басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген жобалар бойынша орман иеленушілер белгілейді.
      13. Есептен шығарылған орман дақылдары, құндылығы аз екпелер өсіп тұрған алқапта және бұдан бұрын орман аясында болмаған алқапта жобалау-іздестіру ұйымдары орман дақылдары жұмыстарын жүргізудің бүкіл циклін айқындайтын орман дақылдарын құру жобаларын әзірлейді.
      14. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіруді орман иеленушілер жүзеге асырылады.
      15. Орман қоры учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар (бұдан әрі - орман пайдаланушылар) ормандарды молықтыруды ғана жүзеге асырады.
      16. Орман пайдаланушылар басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізген кезде олар орманды жаңартуды қоса алғанда, орманды молықтыруды ағашы кесілген орман алқабынан екі мәрте асып түсетін алқапта жүргізеді. Осы мақсаттар үшін мемлекеттік орман иеленушілер орман пайдаланушыларға орман орналастыру жобасына сәйкес орман дақылдары қорының құрамынан қосымша алқаптар береді.

3. Орманның табиғи жаңаруын жүргізу тәртібі

      17. Орманның табиғи жаңаруы (өсуі):
      1) шаруашылық тұрғыда құнды тұқымдылардың өсуге қабілетті өскіні болған жағдайда;
      2) егер тұқыммен жаңарту мүмкін болмаса, ал өсу арқылы жаңару шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келсе, түбірден немесе тамыр тармақтарынан балақ шыбықтардың пайда болуы арқылы өсу жолымен жаңаруға қабілетті ағаш тұқымдылар екпелерін кесу кезінде көзделеді.
      18. Орманның жаңару мерзімінің басталуы болып мыналар қабылданады:
      1) ағаш кесілген жерлерде - сүрекдіңді кесудің аяқталу сәті;
      2) орман көмкермеген жерлерде - топырақты минералдандыруды өткізудің немесе қоршаудың аяқталу сәті;
      3) ормандандыруды талап ететін мелиорацияланған ормансыз жерлерде - мелиоративтік жұмыстардың аяқталу сәті.
      19. Орманды жаңартудың рұқсат етілген шекті мерзімдері орман өсетін аймақтар мен орман түрлерінің топтары бойынша орман орналастыру жобасында белгіленеді.
      20. Орманның өсу жолымен жаңаруы өздерінің жасы, мөлшері және жай-күйі бойынша түбір өскінінің немесе тамыр тармақтарының пайда болуына ықпал ететін ағаштары бар сүрекдіңдерді кескеннен кейін көзделеді. Бұл орайда ағаш кесуді қыс кезінде жүргізеді, түбірлер барынша аласа күйінде қалдырылады (жайылма су жағдайында су тасқынының биіктігі мен ұзақтығы ескеріледі), кеспеағаш аймағын тазартуды өскіндер немесе тамыр тармақтары пайда болғанға дейін аяқтайды.
      21. Орманды өсу жолымен жаңарту кезінде еменнің өскінмен жаңаруы екі генерациядан, қайың, көктерек – үш генерациядан аспауы тиіс.

4. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу тәртібі

      22. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары ойдағыдай табиғи жаңаруды күтуге болатын ормандарда жүргізіледі.
      23. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:
      1) ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтау;
      2) кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен өздігінен өсіп-өнген өркендерге күтім жасау;
      3) топырақтың үстіңгі қабатын ішінара минералдандыру;
      4) ағашы кесілген жерлерді қоршау;
      5) шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өскіндері мен өздігінен өсіп-өнген өркендердің мөлшері жеткіліксіз немесе олар біркелкі орналаспаған учаскелерде орманның табиғи жаңаруын толықтыру үшін бас тұқымдықтың көшеттерін немесе қалемшелерін отырғызу.
      24. Тұқым шашқыштарды (ағаштар мен шоқ ағаштарды) қалдыру – жаңаруды қамтамасыз етудің аса маңызды шарты ретінде кеспеағаштарды бөлу және кесу кезіндегі міндетті орман өсіру шарасы, орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына іс-шаралардың дербес түрі ретінде енгізілмейді. Қалдырылатын тұқым шашқыштарды орналастыру және олардың саны Ағаш кесу қағидаларымен айқындалады.
      25. Ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтауды орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар кеспеағаш жұмыстарының тиісті технологиясын қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
      Ағаш дайындау маусымы мен ағаш кесу тәсіліне байланысты өскіндерді сақтаудың нормативтік көрсеткішін қамтамасыз ету қажет.
      26. Кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен өздігінен өсіп-өнген өркендерге күтім жасау сақталып қалған өскіндерді ағаштар мен бұталарды көлеңкелейтін ағаш кесу қалдықтары мен жер үйінділерінен босатуды және тым қалың ағаш топтарын сиретуді білдіреді.
      27. Толымдылығы 0,6-дан аспайтын кесуге түсетін екпелердің қолтығында, тұқымдардың өсіп-өнуіне және өскіндердің төзімді болуына жайлы жағдайлар жасау мақсатында ағашы кесілген жерлер мен алаңқайларда топырақтың үстіңгі қабатын минералдандырады.
      28. Топырақты минералдандыруды бүкіл учаске алқабының 30 пайызынан кем болмайтын алқапта және тұқым шашқыштардан 5 метр немесе сақталып қалған өскін мен шыбық топтарынан 2-3 метр жақын болмайтын жерлерде жүргізіледі.
      29. Жас ағаштарды үй және жабайы жануарлардың зақымдау қауіпі орын алған жағдайда орманы табиғи жаңарып жатқан учаскелер барлық жағынан немесе мал айдап өтетін жерлерде қоршалады.
      30. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларымен айқындалған нормативтік көрсеткіштен төмен өздігінен өну, сақталған өскін және шыбық мөлшері бар ағашы кесілген жерлерде бас тұқымдының көшеттері мен қалемшелері қосымша отырғызылады. Бұл ретте ағаш отырғызу орындарының саны осы жағдайларда жаппай отырғызылған орман дақылдары үшін қабылданған норманың 25 пайызынан аспайды.
      31. Шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленген ормандарда орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары олар шаруашылық жүргізу режимін бұзбаса ғана тағайындалады.

5. Орман дақылдарын құру тәртібі

      32. Рұқсат етілетін барынша шекті мерзім ішінде шаруашылық тұрғыда құнды тұқымдыларды табиғи жаңару немесе орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу арқылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету мүмкін болмайтын мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман дақылдары құрылады.
      33. Орман дақылдарын құруға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелері орман дақылдары қорын құрайды, ол мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) 1-2 жыл бұрын ағашы кесілген жерлер;
      2) 3 және одан көп жыл бұрын ағашы кесілген, рұқсат етілетін барынша шекті мерзім ішінде орман шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдылармен табиғи жаңармаған жерлер;
      3) өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа да себептер бойынша жойылған, рұқсат етілетін барынша шекті мерзім ішінде орманның шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдылармен табиғи жаңаруы күтілмейтін екпелер учаскелері;
      4) жойылған және есептен шығарылған орман дақылдары;
      5) алаңқайлар, сондай-ақ пайдалы қазбалары алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;
      6) ауыл шаруашылығына пайдаланудан шығарылған, орман өсіруге жарамды жерлер;
      7) орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер; бұл ретте осы санаттағы жерлер агрохимиялық топырақ зерттеулері жүргізілгеннен кейін орман дақылдары қорына енгізіледі;
      8) орман дақылдарын құру тәсілімен қайта жаңартуды қажет ететін құндылығы аз екпелер.
      34. 33-тармақтың 1)2)3) тармақшаларында көрсетілген учаскелерде орман дақылдары орман иеленуші әзірлеп, оның бірінші басшысы бекіткен жобалар бойынша құрылады.
      35. 33-тармақтың 4)5)6)7)8) тармақшаларында көрсетілген учаскелерде орман дақылдары осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары нақты әрбір учаске үшін әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалар бойынша құрылады.
      36. Тау жағдайларында орман дақылдарын құру үшін жер дайындауды жобалау кезінде жер өңдеу тәсілі учаскенің географиялық аймақтылығы, тау беткейлерінің рельефі, экспозициясы және көлбеулігі, топырақ төсеуші жыныстың су өткізгіштігі, топырақтың тастақтығы дәрежесі, учаскенің мөлшері мен қолжетімділігі, эрозиялық үдерістердің пайда болу және даму қаупі ескеріле отырып таңдалады.
      37. Таулы учаскелерде беткейлердің көлбеулігіне, топырақ жағдайларына байланысты жер өңдеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаланады.
      38. Топырақта зиянкестер болған жағдайда оны орман дақылдарын құру үшін жер дайындау кезінде химиялық өңдеу қолданылады, ол техникалық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.
      39. Ерекшелік ретінде, тез өсетін құндылығы аз тұқымдылардың қайта өсу қауіпі болмаған жағдайда топырақты алдын ала өңдемей-ақ орман дақылдарын көшеттермен бір гектарға 500 данаға дейін түбір мөлшерінде жақсы тазартылған ағашы кесілген жерлерде, арамшөптерден таза жыртылатын жерлерде, құмдарда, орман өсіруге жарамды тегістелген үйінділерде, орман дақылдарымен бәсекелес өсімдіктер өспейтін және тым қатты қуаңшылыққа ұшырамаған жерлерде отырғызуға рұқсат етіледі.
      40. Бірінші кезекте орман дақылдары қорының мынадай жерлері игеріледі:
      1) су және жел эрозиясына ұшыраған учаскелер;
      2) елді мекендердің жасыл аймақтарында және өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында орналасқан учаскелер;
      3) қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың жаңадан кесілген жерлері және биік сабақты шөптесін өсімдіктер жылдам өсіп кететін өртеңдер алқаптары;
      4) жоғарғы сыныптар бонитетіндегі екпелерді өсіруге жарамды топырағының шығымдылығы жоғары орман көмкермеген жерлер;
      5) құнды ағаш тұқымдыларды енгізу көзделген құндылығы төмен екпелер кесілген жерлер;
      6) пайдалы қазбалар өндіруден шығарылып, орман өсіруге жарамды күйге келтірілген жерлер.
      41. Құмайт жерлерде орман дақылдарын құру кезінде қажет болған жағдайда бұта ағаштарынан (бұталардан) ықтырмалар жасау жолымен жылжымалы құмдарды тоқтату шаралары жүргізіледі. Бұл жағдайда бас тұқымдыны енгізгенге дейін алдын ала бұталар отырғызу орман дақылдарының көлеміне есептелмейді.
      42. Құрамы бойынша орман дақылдары таза немесе аралас күйінде құрылуы мүмкін.
      Басты тұқымдық жергілікті орман құраушы тұқымдылардан таңдап алынады, ал оң тәжірибе жинақталған жағдайда – жерсіндірілген тұқымдылардан таңдалады. Ол шаруашылық жүргізу мақсаттарына сай болуға және учаскенің орман өсу жағдайларына сәйкес келуге тиіс.
      Ілеспе тұқымдылар мен бұталарды таңдағанда олардың бас тұқымдықпен бір біріне әсер етуін ескеру керек.
      43. Орман дақылдарының бастапқы жиілігі және отырғызатын (егетін) орындарды орналастыру орнықты, шығымдылығы жоғары сүрекдіңнің қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс. Орман дақылдарын көшеттермен отырғызған кезде бір гектарға отырғызылатын өсімдіктердің саны орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы уәкiлеттi орган белгілейтін нормаларымен айқындалған нормативтік көрсеткіші белгіленген мөлшерден кем болмауы керек.
      Көшеттер отырғызу арқылы құрылатын сексеуілдің орман дақылдарының бастапқы жиілігі бір гектарда отырғызу орыны 1,78 мың данадан кем болмауға тиіс.
      44. Орман дақылдарын құрудың негізгі әдісі отырғызу болып табылады.
      Отырғызуды су және жел эрозиясына ұшырайтын жерлерде, ылғалы мол жерлерде және отырғызу орындарын арамшөптер тез басып қалатын учаскелерде, сондай-ақ ылғалы аз аудандарда жүргізген жөн. Селекциялық көшеттік материалдар қолданылатын дақылдар, сондай-ақ қылқан жапырақты тұқымдылардың дақылдары отырғызу арқылы ғана өсіріледі.
      45. Отырғызу үшін орман дақылдарының сенімділігін қамтамасыз етуге, оларға агротехникалық күтім жасау қажеттілігін азайтуға және орман дақылдарын орман көмкерген жерлерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік беретін стандартты көшеттер мен шыбықтар, сондай-ақ қалемшелер пайдаланылады.
      46. Шөл және шөлейт аймақтарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақта құмды бекітетін тұқымдылардың орман дақылдарын - сексеуіл, черкез, жүзгін құру кезінде, сондай-ақ Қазақ шағын тау қыратының далалы аймағында құнды ағаш тұқымдылары басым тік беткейлерде (21 градустан астам) тұқым себуге рұқсат етіледі.
      47. Неғұрлым қатаң орман өсіру жағдайларында механикалық құрамы орташа және ауыр топырақты жерлерде орман дақылдары көшеттер отырғызу арқылы құрылады.
      48. Себу әдісімен жапырақты тұқымдылардың тұқымдары ірі орман дақылдары: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте өсіруге рұқсат етіледі.
      49. Орман көмкерген жерлерде орман дақылдары құндылығы аз екпелерді қайта жаңартқанда, орман қолтығындағы және бастапқы орман дақылдарын құрғанда отырғызылады.
      Өздерінің құрамы, пісіп-жетілу жасында күтілетін толымдылығы, шығымдылығы және атқаратын пайдалы қызметтері бойынша учаскенің орман өсіру жағдайларына және ормандардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін бес жастағы және одан да үлкен құндылығы аз екпелер қайта жаңартуға жатады.
      50. Қайта жаңарту қоры:
      1) неғұрлым шығымды сүрекдіңдер өсіруге жарамды учаскелердегі бұталы жыңғылдарды;
      2) учаскенің орман өсіру жағдайларына сай келмейтін құндылығы аз ағаш тұқымдыларының өскіндерін;
      3) селдіреген толымдылығы төмен (толымдылығы 0,5 және одан төмен) немесе зақымданған екпелер мен жасы екінші сыныптағы және одан үлкен қажетсіз тұқымдылар басым шығымдылығы төмен сүрекдіңдерді қамтиды.
      51. Құндылығы аз екпенің құрамы мен биіктігіне, онда өсіп тұрған бас тұқымды ағаштардың мөлшеріне және учаске аумағы бойынша олардың біркелкі бөлінуіне байланысты екпелерді қайта жаңартудың дәліздік, шоқтанған-топтық немесе тұтас қамту тәсілдері қолданылады.
      52. Орман қолтығындағы дақылдарды санитариялық-гигиеналық функцияларды арттыру мақсатында жасыл аймақтардың ормандары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рекреациялық аймақтарында, орман шаруашылығы қауырт жүргізілетін аудандардағы қорғаныштық екпелерде отырғызады. Дақылдар енгізілгенге дейінгі сүрекдіңнің толымдылығы 0,6-дан аспауы тиіс.
      Орман көмкерген жерлердегі орман дақылдарының бастапқы жиілігі осы орман өсіру жағдайларында тұтас дақылдар үшін сапаны бағалаудың нормативтік көрсеткішінің 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
      53. Сүректі жедел алу мақсатында плантациялық орман дақылдары құрылады. Плантациялық орман дақылдары үшін орман өсіру жағдайлары жақсы орманның неғұрлым шығымды түрлеріндегі орман дақылдары қорының алқаптары бөлінеді.
      54. Аумақтың орманды жерлерін көбейту, эрозиялық үрдістерді болдырмау және бұдан бұрын орманы болмаған аумақтардағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында:
      1) жер бетіндегі су ағысын реттеу, топырақтың су эрозиясымен күресу және судың жер бетіндегі су ағысын топырақ ішіндегі су ағысына ауыстыру үшін тау беткейлері мен сай-салалы жерлерде екпелер;
      2) жергілікті жердің гидрологиялық және микроклиматтық жағдайларын жақсарту, жолдарды қарлы борасындардан қорғау үшін мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтары;
      3) шағын өзендерді және басқа да су көздерін эрозия өнімдерімен батпақтанудан, ластанудан қорғау және олардың су режимін жақсарту үшін бұлақ басындағы, су сағасы мен жағасы бойындағы екпелер;
      4) құмдарда оларды бекіту, жел эрозиясынан қорғау, сүрек алу, жасыл аймақтар құру мақсатында пайдалану үшін алқаптық, ықтырмалық немесе жолақтық екпелер;
      5) жайылымдық жерлерде алқаптардың жемшөптік шығымдылығын арттыру, мал қораларын қатты желдерден және қар мен ұсақ топырақтың басып қалуынан қорғау, малды күн радиациясынан, желден және зиянды жәндіктерден қорғау үшін орман жолақтары, ықтырмалар және алқаптық екпелер;
      6) тез өсетін ағаш тұқымдылардың плантациялары құрылады.
      55. Ағаш отырғызу және ағаш тұқымын себу жұмыстары аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң орман иеленушінің бірінші басшысының шешімімен құрылған комиссия орындалған орман дақылдары жұмыстарына техникалық қабылдау жүргізіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Актімен ресімделеді. Комиссияның құрамына орман мекемесі бірінші басшысының орынбасары мен мамандары енеді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде үш адам болуға тиіс.
      56. Ормандарды молықтыру, орман өсіру бойынша орындалған жұмыстардың тиімділігін және оларды жақсарту жөнінде шаралар қолданудың уақтылығын анықтау үшін орман иеленушінің бірінші басшысының шешімімен түгендеу өткізу жөніндегі комиссия (түгендеу комиссиясы) құрылады. Комиссияның құрамына орман мекемесінің бірінші басшының орынбасары мен мамандары енеді. Түгендеу комиссиясы мүшелерінің жалпы саны кемінде бес адам болуға тиіс.
      57. Түгендеу өсімдіктердің өсу кезеңі аяқталғаннан кейін күзде орман өсу аймағына байланысты түрлі мерзімде, бірақ 15 қазаннан кешіктірмей жүргізіледі, түгендеуді өткізу мерзімі отыз күнтізбелік күн.
      Түгендеуге бірінші және үшінші күнтізбелік жылы отырғызылған орман дақылдары (қорғаныштық екпелер) жатады. Орман дақылдарына (қорғаныштық екпелерге) түгендеу жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық кәртішкелерге енгізіледі. Далалық кәртішкелерде орман дақылдарының өсімталдығы, орман дақылдарын толықтыру пайызы, сондай-ақ күтім жасау жөнінде ұсынылатын шаралар көрсетіледі.
      58. Өсімталдығы 25-85 пайыз орман дақылдары толықтыруға жатады. Учаске алқабы бойынша біркелкі өспей қалған дақылдар кез келген өсімталдық жағдайында толықтырылады.
      Орман аурулары мен зиянкестері болатын жекелеген жағдайларда орман мекемесінің түгендеу комиссиясы өсімталдығы 25 пайыздан астам орман дақылдары учаскелерін толықтырудың қажетсіздігі және осындай алқаптарды орман дақылдары қорына енгізіп, оларды есептен шығару мүмкіндігі туралы, сондай-ақ жерсінген дақылдар қылқан жапырақты ағаштар тұқымдыларын құрап, жай-күйі жақсы болса, өсімталдығы 25 пайыздан аз біржылдық дақылдарды есептен шығарудың қажетсіздігі туралы шешім қабылдайды, бірақ бұл алқаптар келесі жылдың көктемінде міндетті түрде толықтырылатын болады.
      59. Өсімталдығы 25 пайыздан кем орман дақылдары есептен шығарылуға жатады. Түгендеу комиссиясының екпелерді есептен шығару туралы шешімі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Есептен шығару актісімен ресімделеді.
      60. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу және табиғи өсуге қалдырылған ағаш кесілген жерлерді (өртеңдерді) тексеру шаралары жүргізілген алқаптарды түгендеу олар отырғызылған бесінші жылы жүргізіледі.
      Түгендеу нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық кәртішкелерге енгізіліп, оларға түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
      62. Комиссияның барлық мүшелері қол қойған орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген орман дақылдары мен қорғаныштық орман екпелерін түгендеудің далалық кәртішкелері орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген орман дақылдарын, қорғаныштық орман екпелерін және алқаптарды түгендеу жөніндегі негізгі бастапқы құжаттар болып табылады және оларды орман көмкерген жерлерге ауыстырғанға немесе пайдалануға бергенге дейін орманшылықта сақталады.
      62. Ормандарды молықтырудың жай-күйі мен тиімділігін есепті кезеңде:
      1) есепті кезеңде ормандарды молықтыру алқабының осы кезеңде жаппай ағашы кесілген жерлер мен өртеңдердің жалпы алқабына арақатынасына тең ормандарды молықтыру коэффициенті;
      2) есепті кезеңде шаруашылық тұрғысынан құнды екпелер санатына енгізілген жас талдар алқабының есепті кезеңде ормандарды молықтыру жөнінде жұмыстар жүргізілген жалпы алқапқа арақатынасына тең ормандарды молықтыру тиімділігінің коэффициенті;
      3) есепті кезеңде енгізілген жас талдар алқабының есепті кезеңде жаппай ағашы кесілген жерлер мен өртеңдердің жалпы алқабына арақатынасына тең шаруашылық тұрғысынан құнды екпелер санатына жас талдарды енгізу коэффициенті сипаттайды.
      63. Ормандарды молықтырудың ойдағыдай жүргізілу барысын бірге тең (немесе оған жақын) көрсетілген коэффициенттердің мәні сипаттайды.

6. Ормандарды молықтыру мен орман өсіруге бақылау
жасау тәртібі

      64. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен оның аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық инспекция) жүзеге асырады.
      65. Бақылау ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөнінде орындалған іс-шаралардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігін тексеру жолымен жүзеге асырылады.
      66. Мемлекеттік орман иеленушілер тексеруді жүзеге асырушы уәкілетті органның немесе аумақтық инспекцияның лауазымды тұлғаларына қажетті материалдарды береді.
      67. Тексеру мемлекеттік орман иеленуші өкілінің қатысуымен тексеру орнына барып жүзеге асырылады.
      68. Жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша да орман иеленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада Тексеру нәтижелері туралы акт жасалады.
      69. Тексеру анықтаған тәртіп бұзушылықтар бойынша мемлекеттік орман иеленушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген шаралар қолданылады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi
іс-шараларды жүргізу қағидаларына 
1-қосымша                

Таулы жағдайларда орман дақылдарын
құру үшін жер өңдеу тәсілдері

Р/с №

Тау беткейінің көлбеуі және топырақтың сипаттамасы

Жер өңдеу тәсілі

1

2

3

1.

Тау беткейінің көлбеуі 6 градусқа дейін қалың қабатты және тасы аз топырақтарда

Жаппай өңдеу

2.

Тау беткейінің көлбеуі 6 градустан 12 градусқа дейін:


1) тасы аз топырақта

Жолақтап жырту немесе жыртпа террастар тарту, сондай-ақ түбін қопсыта отырып, көлденең атыздар тілу

2) құрғақ және сабағы биік өсімдіктер өспейтін құнарлы тасты топырақта

Тілімдерді қопсыту, борозда тартып түбін қопсыту немесе шағын терассалар дайындау

3) бұталар өскен немесе сабағы биік шөптесін өсімдіктер қаптап кеткен учаскелерде

Бульдозер немесе тамыр жұлып-жинағыш дайындаған 3-4 метр үзілімдері бар ұзындығы 15-20 метр үзік жолақтармен. Жиектерінің аралығындағы қашықтық 2,5-3,5 метр болатын террастар, атыздар, жолақтар ұзын жағымен бірінен кейін бірі көлденең орналастырылады

3.

Терең және орташа қабатты тасы аз топырақты тау беткейінің көлбеуі 12 градустан 20 градусқа дейін еңіс және құлама жоталарда

Бульдозерлермен және тамыр жұлып-жинағыштармен тау беткейін бойлай 3-5 метрлік қысқа үзік жолақтар тарту

4.

Құлама тау беткейлерінде (21 градустан астам) су өтетін аналық топырақ төселген жерлерде

Топырақты террастар немесе алаңқайлар түрінде ғана дайындауға жол беріледі

5.

Шағын көлемді тасы көп учаскелерде

Қолмен алаңқайлар жасап өңдеу, шұңқырлар дайындау

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi 
іс-шараларды жүргізу қағидаларына    
2-қосымша                  

Нысан

Орман дақылдарының Орындалған жұмыстарын техникалық қабылдау актісі

      20__жылғы "____" ______________
________________________________________________құрамындағы комиссия
_____________________________________________________орманшылығында орман дақылдарын құру бойынша орындалған жұмыстарға (айы, жылы) қабылдау жүргізді.
      Орман дақылдары жұмыстарын қабылдау кезінде мыналар анықталды:
      1. Жұмыстар___ орамның____алаңында ______ га алқапта орындалған.
      2. Себу және отырғызу жұмыстарын жүргізу уақыты (басталуы және аяқталуы, кідіру себептері) ___________ бастап _________ж. дейін.
      3. Орман дақылдарын құру тәсілі (отырғызу, себу – қатарлық, ұялы, тұқымдыларды орналастыру схемасы және т.б.________________________________________________________.
      4. Жер дайындаудың уақыты мен тәсілі (ені, ұзындығы көрсетіліп жаппай, сүдігер жырту, ерте пар, қара пар: ішінара жолақтармен, атыздармен, алаңқайлармен) _______________________
      5. Дайындалған жердің мөлшері (жер жырту тереңдігі, ластануы, кесек топырақтылығы)
___________________________________________________________________
      6. Отырғызу (жасы, стандарттылығы) саны, себу материалының сапасы, тегі, жиналған уақыты. Сапалылығы, сертификат №, күні, себу алдындағы өңдеу __________________________
      7. Жұмыстарды жүргізу (отырғызу машинасымен, Колесов семсерімен және т.б.)
___________________________________________________________________
      8. Себу, отырғызу жұмыстарының сапасы (отырғызу тереңдігі, тамырлардың орналасуы, отырғызу тығыздығы, таңбалаудың түзулігі және т.б. ____________________________________
      9. Топырақ құрылымын жақсарту және ылғал жинау жөніндегі іс-шаралар (гипс, тыңайтқыштар енгізу, қар тоқтату, себу алдында культиваторлау және т.б.)
_____________________________________________________________________
      10. Жұмыс жобасынан ауытқу және оның себептері _________________________________
      11. Себу және отырғызу жұмыстарының дақылдардың сапасына әсер етуі мүмкін негізгі ақаулары (көлемі, сипаты)_______________________________________________________
      12. Құны мен жұмыстар көрсетіліп жол берілген кемшіліктерді түзеу жөніндегі іс-шаралар
_____________________________________________________________________
      13. Дақылдардың күтіліп отырған өсімталдығы ескеріле отырып, орындалған жұмыстардың сапасын жалпы бағалау (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)______________________
_____________________________________________________________________
      14. Жұмысты ______________________ орманшылығының______________________орман дақылдары бригадасы орындады.
      15. Орман дақылдары жұмыстарын орындауға басшылық жасаған жауапты орындаушы____________________________________________
      Комиссия мүшелері:______________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде  
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi
іс-шараларды жүргізу қағидаларына   
3-қосымша                   

Нысан

20 ___ жылы отырғызылған орман дақылдары мен
қорғаныштық орман екпелерін түгендеудің
ДАЛАЛЫҚ КАРТОЧКАСЫ № ____, код ____

      1. Орман иеленуші _____________________________________________
      2. Филиал _____________________________________________________
      3. Орманшылық _________________________________________________
      4. Орам ________________________, алаң_________________________
      5. Орман өсіру жағдайларының үлгісі____________________________
      6. Телім алқабы ______________________________________________
      7. Өндіру тәсілі: отырғызу, себу, көшеттер отырғызу, селекциялық отырғызу материалы (асты сызылсын), қорғаныштық екпелердің санаты __________________
      _______________________________________________________________
      8. Бас тұқымдық (жоба бойынша)_________________________________
      9. Ауыстыру схемасы ___________________________________________
      10. Орналастыру ________________ м, 1 га отырғызу (себу) орындарының мөлшері ___________ дана (жоба бойынша)
      11. 1 га отырғызу (себу) қатарларының ұзындығы _________ м.
      12. Барып тексеру нәтижелері:

сынақ алқабының №

Сынақ мөлшерім2
қума метр

Тұқымдық

Техникалық қабылдау актісі бойынша отырғызу орындарының орналасуы және саны

Сынақта сақталған өсімдіктерді ң саны, дана

Жойылғанд ар саны, дана

1

2

3

4

5

6

1
2
3
"
"
"
Сынақта барлығы

1 га шаққанда

Орман дақылдарын техникалық қабылдау актісі бойынша 1 гектарға отырғызылған өсімдіктер






Өсімталдығы ________________________ %
13. Жойылу себебі ___________________________________________________
_____________________________________________________________________  14. Дақылдарды, қорғаныштық орман екпелерін бағалау, стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігі, ұсынылатын іс-шаралар.

      Дақылдарды бағалау: жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз, жойылғандар (есептен шығаруды қажет етеді (асты сызылсын).
      Өсімдіктердің жойылуының негізгі себептері: кеміргіштер, саңырауқұлақ аурулары, жәндіктер, малдың түсуі, механизмдердің зақымдауы, жұмыстардың нашар сапасы.
      Мынадай іс-шаралар жүргізу қажет: толықтыру (пайызы көрсетілсін), агротехникалық және орман шаруашылық күтімдер (күтім жасаудың көлемі мен еселігі көрсетілсін).

      Комиссия мүшелері:____________________________________________
                                (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)

                        ____________________________________________
                                 (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)
                        _____________________________________________
                                 (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)

      20___ж. "____" _________________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде   
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi 
іс-шараларды жүргізу қағидаларына   
4-қосымша                   

Жойылған орман дақылдары мен қорғаныштық орман екпелерін есептен шығару
Актісі

"___" ______________ 20__ ж.

      Біздер, комиссия мүшелері, ____________________________________
                                 (орман иеленушінің атауы)
_____________________________________________________________________
                            (қызметі, Т.А.Ә.)
____________________________________________________________________

_______________ қатысуымен ________________________________________
            (орманшылықтың, филиалдың, орман иеленушінің атауы)
отырғызған орман дақылдарын, қорғаныштық орман екпелерін түгендеу кезінде өсіруге ________мың теңге жұмсалған ________ га алқаптың жойылғаны туралы акт жасады.
      Барып көру және орман дақылдары мен қорғаныштық орман екпелеріне жүргізілген есептің нәтижесінде комиссия орман дақылдары мен қорғаныштық орман екпелерінің мына учаскелерін есептен шығаруды ұсынады:

Телімнің орналасқан жері (орам, телім №)

Отырғызу маусымы және жылы

Алқап, га

Бас тұқымдық

Өндіру тәсілі

Өсімталдығы, %

Жойылу себептері

Жұмсалды, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Орман дақылдары
      Жиыны
2. Қорғаныштық орман екпелері,
      оның ішінде:
      Жиыны
      эрозияға қарсы орман екпелері
      Жиыны
      Қорғаныштық орман жолақтары
      Жиыны

      Осы актінің негізінде орман дақылдарын есепке алу кітабында тиісті жазбалар жазылсын.
Комиссия мүшелері: __________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)
                   ___________________________________
                        (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)
                   ___________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)

      20___ж. "____" _________________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi
іс-шараларды жүргізу қағидаларына   
5-қосымша                

Нысан

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген
алқаптарды түгендеудің және 20__ жылы табиғи өсуге
қалдырылған ағашы кесілген жерлерді (өртеңдерді) тексерудің
далалық карточкасы № ______, код ______

1. Орман иеленуші___________________________________________________
2. Филиал _______________________ орманшылық________________________
3. Орам № _________, алаң ___________, учаскенің көлемі __________________ га
4. Учаскенің бағалау сипаттамасы: ағашы кесілген жер (өртең) 20____ ж., орман шымылдығы көмкерген екпенің құрамы _____________________, жасы ________________, _____________________________толымдылығы көрсетіледі.
5. Орманның түрі ___________________________________________________
6. Орманның табиғи жаңаруына жәрдем көрсетілген жыл, 20__ ж.
7. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу тәсілі _____________________
____________________________________________________________________
8. Жаңаруды есепке алу нәтижелері

Есептік алаңқайла рдың №№

Есептік алаңқайлардың көлемі,
м2

Тұқым

Өсімдікт ер саны, дана

Оның ішінде биіктік топтары бойынша бас тұқымдылар

Жұмсақ жапырақты тұқымдылардың орташа биіктігі,
м

Шымылдықтың жанасуы (толым дылығы)

0,5 м дейін

0,6 -
1,5 м

1,5 м
астам

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1
2
3
және т.б.
Сынақтағы барлығы
1 га шаққанда









      9. Құрамы _____________________, жасы ___________________ жыл.
      10. Құнды ағаш тұқымдылардың кездесуі ________________ %.
      11. Жұмсақ жапырақты тұқымдылардың қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымдылар биіктігінен асып түсуі ______________________м

      12. Комиссияның қорытындысы:
      а) табиғи жаңару бағасы_______________________________________
      б) _____________ шаруашылығы бойынша _________га жер орман көмкерген жерлерге ауыстырылсын
      в) мынадай іс-шаралар белгіленсін ____________________________    ____________________________________________________________
      г) қайталама есеп 20_____ жылы жүргізілсін.

      Комиссия мүшелері: ___________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)
                         ___________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)
                         ___________________________________________
                              (лауазымы, Т.А.Ә. қолы)

      20___ж. "____" _________________

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 
ормандарды молықтыру мен орман өсiру және
олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi 
іс-шараларды жүргізу қағидаларына    
6-қосымша                   

Нысан

Тексеру нәтижелері туралы
Акт

№ _____________

____________________________________________________________________
                      акт жасалған орын
               20____жылғы "___" ______________ _______сағат_____мин.
____________________________________________________________________
                      уәкілетті органның атауы
____________________________________________________________________
тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі
____________________________________________________________________
тексеру жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
                         және лауазымы
____________________________________________________________________
      тексерілетін мемлекеттік орман иеленушінің атауы,
____________________________________________________________________
      тексеру жүргізу кезінде қатысқан лауазымды тұлға

Тексеру жүргізілген күн, орны және кезеңі___________________________
Тексеру нәтижелері туралы мәліметтер________________________________
                              анықталған тәртіп бұзушылықтар және
____________________________________________________________________
                                  олардың сипаты
____________________________________________________________________

Тексеру нәтижелері туралы актімен таныстым__________________________
                                           тексеру жүргізу кезінде
____________________________________________________________________
      қатысқан мемлекеттік орман иеленушінің лауазымды тұлғасы

Қолы __________________________

Қол қоюдан бас тартты________________

Тексеруді жүргізген лауазымды тұлғаның қолы ________________________