"Ақкент" және "Көкшіл орам - 3" тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1513 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) ұсынған мынадай шарттар мақұлдансын:
      1) "Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысына сәйкес "Ауt Ноusing Соmрlех" (Айт Хаузинг Комплекс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен берілген жалпы сомасы 19 837 147 501 (он тоғыз миллиард сегіз жүз отыз жеті миллион бір жүз қырық жеті мың бес жүз бір) теңге, оның ішінде 16 500 000 000 (он алты миллиард бес жүз миллион) теңге сомасындағы кредитті қайта құрылымдау шарттары:
      кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыздан) жылдық 7%-ға (жеті пайызға) дейін азайту;
      кредиттің мерзімі - тараптардың келісімі бойынша 2 (екі) жылға ұзарту мүмкіндігімен, кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 8 (сегіз) жыл;
      негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең - кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 48 (қырық сегіз) ай;
      сыйақы ставкасын жылдық 12,5%-дан (он екі бүтін оннан бес пайыз) жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азайтуға байланысты кредит бойынша есептелген сыйақыны шығысқа шығару нәтижесінде туындаған кредитті қайта құрылымдаудан болған шығындарды тану;
      кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап кредитті қайта құрылымдау күніне дейін кредит бойынша айыппұл санкцияларын қолданбау;
      қарыз алушының осы қаулыға қол қойылған күні пайда болған есептелген сыйақы бойынша берешегін (сыйақы ставкасының жылдық 7%-ға (жеті пайыз) дейін азаюын ескере отырып) негізгі борышқа капиталдандыру;
      кредит бойынша оператор - "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры);
      қарыз алушының "Ақкент" ТК және "Эдельвейс" ТК тұрғын үй-жайларын сатудан (оның ішінде бөліп-бөліп сатудан) түскен барлық ақша қаражаты кейіннен қарыз алушы кредит бойынша Қордың және Жылжымайтын мүлік қорының алдындағы берешекті өтеу үшін оператордың арнайы шотына жіберілуге тиіс;
      қамтамасыз ету - кредит бойынша қамтамасыз етудің кепілдік құны қарыз алушының Қор алдындағы берешегі сомасының 100%-ынан (жүз пайыз) аз болуы мүмкін;
      қарыз алушы осы тармақта көзделген кез келген шартты бұзған жағдайда, Қордың кредит шартының талаптарына сәйкес қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөнінде қажетті іс-шаралар жүргізуі;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары шеңберінде Қорға бөлінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан Жылжымайтын мүлік қорына бұрын берілген кредит желісінің шеңберінде 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңгеге дейінгі сомада кредит беру шарттары:
      кредиттің нысаналы мақсаты - қарыз алушыдан 1 (бір) шаршы метрі 168 000 (бір жүз алпыс сегіз мың) теңгеден аспайтын құн бойынша "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үй-жайларды сатып алу;
      кредиттің мерзімі - 8 (сегіз) жыл;
      кредитті игеру - транштармен;
      кредит бойынша сыйақы ставкасы - жылдық 2 (екі пайыз);
      сыйақы төлеу - кредит мерзімінің соңында;
      негізгі борышты өтеу - кредит мерзімінің соңында;
      қамтамасыз ету - қамтамасыз етусіз;
      3) Жылжымайтын мүлік қорының "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі үй-жайларды сатып алуының шарттары:
      қаржыландыру сомасы - 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңгеге дейін;
      1 (бір) шаршы метрінің құны - 168 000 (бір жүз алпыс сегіз мың) теңге;
      қарыз алушы жоғарыда көрсетілген қаражатты мынадай тәртіппен пайдалануға тиіс:
      7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеден аспайтын соманы "Ақкент" тұрғын үй кешенінің 58 (елу сегіз) блогын салуды аяқтауға жіберу;
      соманың қалған бөлігі Қор алдындағы негізгі борыш бойынша қарыз алушы берешегінің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі;
      Жылжымайтын мүлік қорымен келісім бойынша сатып алынған тұрғын үй-жайларды тиісті шарт жасалған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде еркін баға бойынша сата алады, бұл ретте оларды сатудан түсетін барлық ақша қаражаты кейіннен қарыз алушы кредит бойынша Қордың және Жылжымайтын мүлік қорының алдындағы берешекті өтеуі үшін Жылжымайтын мүлік қорының арнайы шотына жіберілуге тиіс.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 707 қаулысында:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуының өзге шарттары белгіленуі мүмкін.";
      2) "Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 шілдедегі № 1163 қаулысында:
      2-тармақта:
      31) тармақшадағы "аспайды." деген сөз "аспайды;" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
      "32) "Ақкент" тұрғын үй кешені" объектісі, құрылыс салушы - "Ауt Ноusing Соmрlех" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қаржыландыру сомасы бір шаршы метрі үшін 168 000 (бір жүз алпыс сегіз мың) теңге есебінен 12 000 000 000 (он екі миллиард) теңгеден аспайды";
      3-тармақтың 3)4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) кредиттің мерзімі - тараптардың келісімі бойынша 2 (екі) жылға ұзарту мүмкіндігімен, кредит бойынша бірінші транш есептелген күннен бастап 8 (сегіз) жыл;
      4) кредит бойынша сыйақы ставкасы - жылдық 7 % (жеті пайыз);
      5) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең - кредит бойынша бірінші транш есептелген күнінен бастап 48 (қырық сегіз) ай;
      6) кредит бойынша оператор - "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы.";
      3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) нысаналы мақсаты - "Мереке Сервис - 6", "Мереке Сервис НС", "Мереке Сервис - 7", "Мереке Сервис - 2", "Мереке Сервис - 3", "Мереке Сервис - 4", "Мереке Сервис - 1" "Мереке Сервис - 5" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің (бұдан әрі - құрылыс салушылар) "Сармат 1, 2", "Көкшіл орам — 1, 2, 3", "Шуақты қала - 1, 2", "Гүлдер", "Мереке - 2", "Достар - 3", "Байқоныс", "Зерде" тұрғын үй кешендерін (бұдан әрі - объектілер) салуды аяқтауына кредит беру, сондай-ақ объектілерді салуды аяқтау үшін өтеусіз уақытша пайдалануға бұрын алынған "Самұрық - Қазына" АҚ-ның ақшасын қарыз алушының қайтаруы;".
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов