"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы N 707 Қаулысы

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының ұсыныстарын ескере отырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы N 6 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу" деген III бөлімде:
      "Қосымша шаралар" деген кеші бөлім мынадай мазмұндағы 13-1-тармақшамен толықтырылсын:

"

13-1.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдерін Үкіметтің мақұлдауына енгізу

ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Үкімет қаулысы

2009 жылғы сәуір

                                                                  ".
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 № 659 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы ұсынған, "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдері мақұлдансын:
      Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды мынадай құн бойынша сатып алуды жүзеге асырады:
      1) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың сатып алынатын алаңының (бұдан әрі - сатып алынатын алаң) бір шаршы метрі үшін сатып алу құны бойынша;
      2) сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша.
      3. Сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны мына формуланы қолдану жолымен айқындалады:
      Бс = Бт* К
      мұндағы
      Бс - сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны,
      Бт - осы қаулының 4-тармағына сәйкес айқындалған сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн,
      К - құрылыс объектісінің орналасуымен (аймағымен) және басқа да сапалық сипатымен айқындалатын коэффициент.
      4. Қосымша құрылыс-монтаждау, әрлеу, ішкі қаптау, бояу, түсқағаз жапсыру жұмыстарын жүзеге асырмай, таза еден орнатпай, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдарды, тұрмыстық мақсаттағы электротехникалық құралдарды, асханалық газ және электр пештерін, пәтер ішіндегі және пәтердегі есік блоктарын, терезелерді орнатпай және инженерлік-техникалық желілерді орнатпай объектіні (үй-жайды) тиістілігі бойынша (тұруға) пайдалануға болатын дайын күйдегі жылжымайтын мүлік объектісінің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының сатып алынатын алаңының 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн:
      Астана қаласы мен Ақмола облысында - 96000 теңгені;
      Алматы қаласы мен Алматы облысында - 120000 теңгені құрайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.03 № 772 Қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.28 № 659 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      5. Сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша құрылысы аяқталмаған объектілерді сатып алған кезде өзіндік құн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жобасына тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымның қорытындысымен расталған құрылысты аяқтауға арналған сметалық құжаттаманың негізінде айқындалады.
      5-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуының өзге шарттары белгіленуі мүмкін.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.13 № 1513 Қаулысымен.
      6. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов