Темекі мен темекі бұйымдарын өндірушілердің және импорттаушылардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012.11.19 N 61 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мэслихаты ШЕШЕДІ:
      1. Қармақшы ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес процентке жоғарыланған лауазымдық жалақылар және тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың төртінші шақырылған "Қаржы, бюджет, әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау және мәдени мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      45-сессиясының төрағасы                      Ә. Сержанова

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы                         М. Ерманов