Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды мемлекеттік материалдық резервтен шығаруына жазылған құжаттар тізілімін табыс ету қағидаларын, нысаны мен мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 қазандағы № 1198 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 26.02.2016 № А-2/41 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының, 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шортанды ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев