Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1114 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.10 № 1284 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1212 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Қиынов Ләззат Кетебайұлы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Бектұров Азат Ғаббасұлы, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Жақсалиев Бақытжан Мұхаметқалиұлы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов