«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 5601 21 100 0, 3005 90 100 0 кодтарымен жіктелетін мақтадан жасалған гигроскопиялық мақтаны және мақта мен одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты кедендік құнының 19%-ы, бірақ 1 кг үшін кемінде 2,8 евро мөлшерінде 3 жыл мерзімге қорғау баждары енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетін осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын Қазақстан Республикасының енгiзгенi туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов