14.09.2011

Мақта және одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы

      «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 5601 21 100 0, 3005 90 100 0 кодтарымен жіктелетін мақтадан жасалған гигроскопиялық мақтаны және мақта мен одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты кедендік құнының 19%-ы, бірақ 1 кг үшін кемінде 2,8 евро мөлшерінде 3 жыл мерзімге қорғау баждары енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетін осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын Қазақстан Республикасының енгiзгенi туралы хабардар етсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов


Дата вступления в силу:  14.09.2011
Дата изменения акта:  14.09.2011
Дата принятия акта:  14.09.2011
Информация об официальном опубликовании акта:  "Егемен Қазақстан" 16 қыркүйек № 438-439 (26832) "Казахстанская правда" от 16.09.2011 г., № 298-299 (26689-26690); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2011 жылғы № 53, 760-құжат;
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103000000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  3484
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  1054
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  008000000000 / 033003000000 / 008002000000
Форма акта:  ПОСТ
Юридическая сила:  1000
Язык акта:  kaz